kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Жас математиктердің жарысы

       Екібастұз қаласы  зияткерлерінің қоржыны жана жетістіктермен  толықты.  2016 жылғы 2  қарашада Павлодар қаласының  №35 мектебінде  2-4 сынып оқушылары арасында IV  облыстық математикалық турнирі  өтті. Турнир екі этап бойынша өткізілді: бірінші этап – командалық, екінші – жеке жарыс.

       Біздің  қаламыздың №24 МГ, №35 МГ, №36 МЛ оқушылары  барлық сындардан сүрінбей, жоғары математикалық білімдерін, ауызша математикалық дәлелдеулерін,   командада жұмыс істеуін, лидерлік қасиеттерін көрсете білді.

       Турнирдің қорытындысы бойынша  № 35  гимназия – мектебінің команда оқушылары   Ерканатов Ансар, Седлецкий Роман, Немзова Дарья  III дәрежелі дипломымен марапатталды, жеке біріншілікте II дәрежелі дипломымен  №24 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Грымаловский Богдан    және   №35 мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы Седлецкий Роман марапатталды.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза