Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сұлтанмахмұт оқулары - 2016

Жылсайын білім бөлімімен «Сұлтанмахмұт оқулары» қалалық  туры өткізіледі. Биыл конкурс 1-қарашада №22 МГ базасында  үш номинация бойынша өтті.

Конкурсқа  42  оқушы қатысты.

Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

 «Болмасаң да ұқсап бақ» номинациясында  1-орынға №11 орта мектептің  8-сынып оқушысы Мағашева Жұлдыз, 2-орынға Шідерті орта мектебінің  8-сынып оқушысы Аманбек Сұлтанбек, Байет орта мектебінің  11-сынып оқушысы Аязби Айнұр, 3-орынға №14 орта мектептің  6-сынып оқушысы Бақытбекқызы Мәншүк, №17 орта мектептің  6-сынып оқушысы Әкіш Гауһар, Комсомол орта мектебінің  8-сынып оқушысы Серік Алтын ие болды.

Осы  номинацияда   өзге ұлт өкілдерінің арасында 1-орынды  №13 орта мектептің  8-сынып оқушысы Резник Любовь, 2-орынды  Шідерті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Степанова Милана, 3-орынды №23  орта мектептің оқушысы  Баграмова Әйгерім, №35 МГ 6-сынып оқушысы К.Камынина иеленді.

Осы  номинация  бойынша орыс мектептерінде  оқитын қазақ балалары арасында  1-орынға  Төртқұдық  орта мектебінің  9-сынып оқушысы Кариева Фариза, 2-орынға №7 МГ 11-сынып оқушысы Нұрмағамбетова Карина, 3-орынға  №6 МЛ 8-сынып оқушысы Төлегенова Аяжан ие болды.

«Сөйлей-сөйлей шешен боларсың...» номинациясында  1-орынды №11 орта мектептің 9-сынып оқушысы Қамзина Мадина, 3-орынды  №12 орта мектептің  7-сынып оқушысы Қанатова Диляра, №28 орта мектептің  8-сынып оқушысы Мағзам Назым  иеленді.

 «Жас дарындар» номинациясында  1-орынға – №2 орта мектептің  9-сынып оқушысы Болат Даниял, №22 МГ 10-сынып оқушысы Какимов Бауыржан, 2-орынға  Сарықамыс орта мектебінің 6-сынып оқушысы Мұратұлы Ақтамберді, 3-орынға №18 орта мектептің  11-сынып оқушысы Құдайқұлова Диана, №26 МГ 7-сынып оқушысы Төрегелдиева Жанар, Байет орта мектебінің  7-сынып оқушысы Қуанбау Ырысгүл ие болды.

 

Әдіскер Д.Тыныбеков