kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Жастар жаққан жұлдыз» байқауының нәтижесі

Балалар шығармашылығын дамыту, қолдау және жария ету, көркемдік және  эстетикалық талғамына тәрбиелеу, балалар мен жастар  эстрадасы саласында шығармашылық жетістіктерімен  алмасу   мақсатында  «Нұрлы жастар»  Республикалық орталығымен 2016 жылғы  қазан айының  24 - 27 күндері аралығында  Алматы  қаласында республикалық  «Жастар жаққан жұлдыз» шығармашылық  байқауы өтті.  

Байқау қатысушылардың жас ерекшеліктері  бойынша өткізілді: кіші топ: 7-9 жас, орташа  топ: 10-13 жас, ересектер тобы : 14-18 жас.

Бұл байқауда Екібастұз қаласынан «Қолөнері» номинациясында    техникалық  шығармашылық  Мектебінің  9  тәрбиеленушісі қатысты. 

Байқау қорытындысы бойынша біздің оқушылар келесі жүлделі орындарға ие болды:

1 дәрежелі Лауреат Дипломымен Муратбекова Милана  наградталды,  12 жаста, «Киіз үй» аралас  техника  (Жетекшісі  М.К.Хамзина).

2 дәрежелі Лауреат Дипломымен Колумбаева Сабина наградталды,  12 жаста, «Қыз бен жігіт» квиллинг техникасы (Жетекшісі  М.К.Хамзина).

3 дәрежелі  Лауреат  Дипломымен  Шайменова Диляра наградталды, 9 жаста, «Себеттегі жемістер» жүннен басу техникасы  (Жетекшісі  С.К.Атабай).

4 дәрежелі  Дипломанттар - Попова Дарья,8 жаста, «Көңілді дельфиндар»   мүсіндеу, Сүлеймен Аққу, 8 жаста, «Қазақ қызы» киізден жасау .

5 дәрежелі  Дипломанттар  – Нургалиева Сабина, 11 жаста, «Табиғат сұлулығы» квиллинг техникасы (Жетекшісі  М.К.Хамзина).  Калиновская Екатерина,7 жаста, «Гүлденген ағаш»  кендірлік  техника (Жетекшісі  И.В.Зейдлиц).

6 дәрежелі  Дипломанттар– Байжигитова Салия, 9 жаста, «Панда» жүннен басу техникасы  техника (Жетекшісі  С.К.Атабай).  Хуанар Даулетбек,16 жаста, «Ілгіш» ағаштан жону  (Жетекшісі О. Хузайр).

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза