Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Көкпар»

     Ағымдағы жылы  Екібастұз қаласының көкпардан құрама командасы турнирлерге және облыстық Біріншіліктерге қатысып, үш дүркін Чемпион атанды.

     2016 жылғы 27-28 қазанда  Май ауданында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай,  ұлттық ат спорты  түрі - көкпардан облыстық Чемпионат өткізілді.

      Екібастұз қаласының атынан  Ақкөл ауылының «Пырақ» командасы қатысты.

      Команда құрамасы  - Смагулов Мереке, Кадыров Ерганат, Рахметоллаев Жанат, Киясов Максат,  Бауржан Асылбек, Кайратов Нурсултан, Егинбаев Еркебулан,  Жаксыбек Нурбол, Мусралинов Канагат,  Уахитов Айбын, Касенов Рахат, Жандарбек Даурен– команда капитаны.     

      Бірінші ойын «Пырақ» және «Малайсары»  командалары арасында өтті.

      Кездесу 7:1 есебімен аяқталып Екібастұз командасының пайдасына шықты. Қарсыластың қазандығына серкені Мереке Смагулов – 4 рет, Еркебұлан Егінбаев -2 рет және Ерғанат Қадыров 1 рет салды.

      «Пырақ» және «Саты» командасының айтық кездесуі 2:1 есебімен аяқталды. Қарсыластардың қазандығына Еркебұлан   Егінбаев 2 рет серке  тастады.

       Жарыстың жеңімпаздары Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт Басқармасының 1 орын грамотасымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.