Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасында брифинг өткізілді...

           2016 жылдың 26 қазанында Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасында «Тұрғын-үйдегі өрт қауіпсіздік айлығын қорытындылау» және  «2016-2017 жылдардағы қысқы кезеңге дайындық» тақырыптарында Екібастұз қалалық телекомпания мекемесінің және «Голос Экибастуза», «Семерка» , «Отарқа» қалалық газеттер өкілдерімен   брифинг өткізілді.

           Аталмыш брифингте талқыланған мәселе қыс мезгіліне дайындық жөнінде әр маман өз лауазымына қатысты мәліметтер айтты, сондай-ақ қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрғындарға төтенше жағдайлардан сақ болу жөнінде ескертулер айтылды. Брифинг барысында бұқаралық ақпарат өкілдерімен тұрғын үйлерде болған өрт жайында, оның салдарынан зардап шеккен, қаза тапқандар бойынша сұрақтар қойылды.

 

М.Хамитова,

Екібастұз қаласы

ТЖ алдын-ала ескерту

тобының бас маманы