Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ТЖ басқармасында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шара өткізілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес 2011 жылдың  20 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің 164-ші жарлығымен «Құтқарушылар күні» бекітілген.

2016жылдың 19 қазанында Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасымен дайындалған Құтқарушылар мерекесіне  арналған салтанатты шара 14 мамандандырылған өрт бөлімінде ұйымдастырылып өткізілді. Салтанатты шара Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрі полиция генерал- полковник Қ. Қасымовтың құттықтау телеграммасымен ашылды.

        Басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау  подполковнигі А.Ш. Кажибеков баяндама оқып, барлық қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап зор денсаулық, отбасылық құт-береке, бейбітшілік пен бақыт тіледі, содай –ақ Павлодар облысы төтенше жағдайлар Департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі  А. А. Длимовтың марапаттаған құрмет грамотасы және  алғыс хаты табыстады.

  

 

М.Хамитова,

Екібастұз қаласы

ТЖБ АҚ және ТЖ

бөлімінің бас маманы