Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Рухани келісім күні

       Бүгін  Достық Үйінің  мәжіліс залында Рухани келісім күніне арналған іс – шара өткізілді. Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен мүшелері, студент жастар және жергілікті бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

      «Шындығында тәуелсіздік алған жылдардан бастап көп ұлтты  Қазақстанда достыққа негізделген үлкен саясат жүргізіліп келеді. Соның нәтижесін қазір көріп отырмыз. Бүгінгі күні аяғымыздан нық тұрған, ел таныған елге айналдық. Бұл еліміздегі этностардың бір-бірін түсініп, бір-біріне деген сенімі мен үлкен мәдениетін көрсетеді. Қазақстанда осындай жағдай қалыптасып отырғанына біз қуанамыз. Достыққа еш нәрсе жетпейді. Соның негізінде біз үлкен жетістіктерге жетеміз, - деді басқосуда сөз алған «Мұсылман әйелдер Лигасы» ҚБ төрайымы М.Сағындықова, «Полония» ЭМБ және «Братство» славян ЭМБ төрайымдары В.И.Ильюшенкова мен А.И.Аксенова. Шара барысында көрермендер Юлия Явцева, Нұрсултан Жакамановтың өнерін тамашалады.