Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Дуатлон жарысы

          2016 жылғы 16 қазанда сағат 11.00-де Орталық алаңда (әкімдік)  Даңқ ескерткішінде  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, 15 шақырымға (жаяу - 3 шақырым, веложарыс – 12 шақырым) дуатлоннан жарыс өткізілді.

          Дуатлон – спорттың жүгіріс және веложарыс кезеңінен тұратын спорттың екң кезеңінен жүріп өтетін мультиспорттық жарыс түрі.

           Жүгіріс жеңіл жүгірумен қалалық әкімдіктен  басталып Әуезова-М.Жүсіп қиылысына  Әуезов көшесі бойынша «Өнер» ҚМО дейін - 3 шақырымға, осы жерден қатысушылар велосипедке отырып, Энергетиков көшесі бойынша  К.Пшембаев көшесінен  Торайғыров көшесін басып өтіп Қонаев көшесіне өтіп қайтадан жүлдегерлер мен жарысқа қатысушыларды марапаттайтын  М.Жүсіп көшесіне финишке келді.

           Жарыстың маршруты бойынша мәдени ескерткіштер мен қаланың символдық және рухани орындары: «Мечта» ТҮ, «Бәйтерек» саябағы, «Өнер» ҚМО, Шіркеу, Көмір кен орнын алғаш ашушы К.Пшембаевтың ескерткіші, Орталық кітапхана және «Қазақстан» кинотеатры сияқты жерлерінен өтті.

           Барлық маршрут кезінде қатысушыларды жол қауіпсіздік патрулі, жедел жәрдем медициналық қызметкерлері қадағалап отырды, әр жолда көрсетілген маршрутқа сәйкес төрешілер қойылды.

           Жарыстың қортындысы бойынша  жеңімпаздар анықталды: Корнюшин Станислав, Нургазин Константин, Ильясов Тахир, Конаненко Александр, Прокопчук Дмитрий, Ергалиев Айнабек, Нурланбаев Ильяс, Чоботар Валерий, Конакбаев Арман, Прокофьева Сара, Семенова Ирина, Цымбал Елена, Шерешова Ольга, Тукуева Динара, Бондарь Елена, Мендыбаева Айсулу, Алькен Мадина және т.б.