Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Дария Ертайқызы Ерғазина: Жол

Құрметті Қайрат Теміршотұлы! Сізге Абай көшесі, 131 "А", Абай көшесі, 133 үйдің тұрғындары атынан өтініш жазып отырмын. Бұған дейін 2014 жылдың аяғында жазған едік. Сол кездегі қала әкімі А.Вербняк 2015 жылдың бюджетінен қарастыруға кәде берді (А.Вербняктің жауабы сайтта әлі тұр). Екі айдан кейін 2017 жыл келеді. Ал біздің мәселеміз шешілмеген күйі қалды. Бұл мәселеден біздің учаскеден сайланған облыстық мәслихат депутаты Р. Гайнулин және қалалық мәслихат депутаты Сергей Лепехин де хабардар.
Нақты мәселеге көщсек. Абай көшесіндегі "Батыр" дүкені мен Күзетке дейінгі аралықта асфальт төселмегендіктен күздің жауынды күндері "Профилакторий" аялдамасынан түсетін адамдар жолдың келесі бетіндегі үйлеріне батпақты кешіп өтеді. Басқа айналып өтетін жол жоқ. Қазір жер лайсаң, топырақ езіліп жатыр. Әсіресе, мектептен, балабақшадан қатынайтын балаларға қиын. Балабақшадағы балаларды сол жерден көтеріп өткізбесе, өздігімен жүре алмайды. Батпаққа батып қалады. Сондықтан келесі 2017 жылдың бюджетінде осы аралыққа асфальт төсеуді қарастырсаңыздар деп сұраймыз. 

Құрметті Дария Ертайқызы! Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына жазған 168 кварталдағы Абай көшесі бойынша «Батыр» дүкенінен тұрғын үй жанындағы Абай көшесі №№148-150 бойынша «Күзет» АҚ дейін жүргінші жолын орнату мәселесі туралы арызыңызға, келесіні хабарлаймын.

Зерттеу кезінде Абай көшесі бойынша «Батыр» дүкенінен тұрғын үй жанындағы Абай көшесі №№148-150 бойынша «Күзет» АҚ дейін жүргінші жолы жоқ екені анықталды, осы жерге 400м2 алаңы ұзындығы 200мп жүргінші жолын орнату талап етіледі.

Осы жер ішкіоралымдағы аймақты жөндеу бойынша тұтынатын ортақ тізіміне енгізілді және келесі жылдарға жұмыс көлемін анықтағанда қаралатын болады.Осы мақсатқа қаражат бөлінгенде жұмыстар орындалатын болады.