Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Республикалық зерттеу жұмыстары өткізілді

          № 21 «Кішкентай данышпандар» ресурстық орталық базасында «Қазақстанда математикалық білім берудің жағдайы және дамыту болашағына тұжырымдамалық бағыт» тақырыбында дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша Астана, Семей, Өскемен қалаларынан сарапшылардың қатысуымен  республикалық зерттеу жұмыстары 2016 жылғы 11 қазанда өткізілді.  

         Зерттеу мақсаты: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру жөнінде  педагогикалық технологияларды қолдану және пәндік-дамыту ортаны жасау бойынша жұмыс тәжірибесін зерттеу.

         Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша оқу ұйымдастырушылық әрекет, әдіскерлер және тәрбиешілермен фокус-топ, балабақшаның педагогикалық ұжымының жұмыс тәжірибесі таратылды.