Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2016 жылғы қазан айындағы жұмысы туралы

          2016 жылдың 6 қазанында қала әкімінің орынбасары М.Д.Маликованың  төрағалығымен Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның  (бұдан әрі -Комиссия)  кезектен тыс отырысы өтті.

          Комиссияның шешіміне сәйкес 2016 жылдың 15 қыркүйегінен бастап қала колледждері басшыларының  және қаланың кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа жол беру фактілері орын алған жалпы білім беретін мектептері директорларының  есептері тыңдалды. Комиссия талқылауының қорытындысы бойынша, кәмелетке толмағандар тараптарынан құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу мақсатында колледждер басшыларына ювенальді полиция  тобының қызметкерлерімен бірлесіп  күн сайын 22.00 сағаттан кейін колледжге жақын орналасқан қаланың жастар көп шоғырланатын шағын аудандарында, сондай-ақ ойын-сауық орындарында  аралап тексеру жөнінде  ұсынымдар берілді.

          Сондай-ақ,  дене шынықтыру және спорт бөлімінің  басшысы З.О.Нуркенованың «Қала БЖСМ-ның кәмелетке толмағандардың салауатты өмір салтын қалыптастыру сондай-ақ, балаларға  ақылы қызметтер көрсету  бойынша қызметтеріне талдау жүргізу»тақырыбындағы тақырыптық баяндамасы  тыңдалды.

          Комиссия жұмысының  жоспарына сәйкес, өз қызметтері жөнінде  № 16, 18 және 28 жалпы орта білім беретін мектептердің ата-аналар  комитеттерінің  өкілдері есеп берді.

          Сондай-ақ, Комиссия отырысының барысында 4 жеке іс қаралды

           №1емхананың бас дәрігері А.К.Ситказиновтің әлеуметтік қолайсыз жағдайға тап болған  отбасыға ықпалдасу мәселесі жөніндегі  қолдаухатын қараудың қорытындысы бойынша мектеп әкімшілігі (балалары оқитын) директор тұлғасында отбасыға тіркелімді ресімдеу мен 4 кәмелетке толмаған баласына ЖСН алуда  көмектесетін болады, бұл алдағы уақытта балалардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу  және тиісті мемлекеттік әлеуметтік көмек ресімдеу құқықтарын қамтамасыз етеді.

           Бұл мәселе Комиссияның тұрақты бақылауында тұр.

           Сондай-ақ, Комиссия қала колледждері 3 оқушысының заңды өкілдерінің кәмелетке толмағандарды одан әрі білім алуы үшін жалпы орта білім беретін мектептерге орналастыру жөніндегі  өтініштерін қанағаттандырды. Үш оқушының барлығы да мамандық таңдауда асыққандарын және колледжде оқуларын жалғастыруды қаламайтындарын айтты.

           Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар өз мектептеріне қайтып оралды.

           Комиссия шешімінің орындалуы кезекті отырыста қаралатын болады.