kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Артем Сергеевич Гайдаренко Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

          Екібастұз қаласы әкімінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 296  өкімімен Артем Сергеевич Гайдаренко Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

         1988 жылы 4 шілдеде Павлодар облысы Қашыр ауданының Қашыр ауылында туған.

         Білімі – жоғары, 2010 жылы Инновациялық Еуразиялық  университетті құрылыс мамандығы бойынша бітірген.

         Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 4 жыл.

         «Ақсу қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Павлодар облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі бақылау бөлімінің бас маманы – бас контролер-тексерушісі, «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. 

         Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалғанға дейін   «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары секторы меңгерушісінің лауазымын атқарған.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза