kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Ұстаздар күні

Ағымды жылдың 30-қыркүйегінде «Өнер» ҚМО-да Екібастұз қаласының әкімі Қ.Т.Нүкеновтың қатысуымен  педагог қызметкерлердің төл мерекесін  тойлауға арналған салтанатты шара өткізілді. 

Шарада қала әкімдігінің өкілдері,  мектепке дейінгі мекемелердің және орта арнаулы оқу орындарының, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтық еңбектің ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Барлығы 570-тен аса қатысушы қатысты.  

Ең үздік педагогтар Екібастұз қаласы әкімінің, Екібастұз қалалық мәслихатының, сондай-ақ  Павлодар облысы білім Басқармасының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен педагогтық еңбектің ардагері Ғ.Ш. Балтабекованың да марапатталғанын атап өтуге болады.  

Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-нің мектепке дейінгі білім беру бойынша бас маманы  Ә.Т.Ахатова  марапатталды. 

Екібастұз қаласы әкімінің білім бөлімі барлық педагогтарды Ұстаздар күнімен құттықтайды және олардың еңбектеріне табыс пен жаңа шығармашылық  идеялар тілейді.  

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза