Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Азаматтарға арналған үкіметтің» қызметкерлері Қарттар күнін атап өтуге қосылды

Қазақстанда 1 қазан - Қарттар күні дәстүрлі түрде атап өтіледі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмыскерлері қарттар мен зейнеткерлерді құттықтауға ат салысты. Мемлекетіміздің 14 ауданы мен Астана және Алматы қалаларында мерекеге орай түрлі шаралар өтті.

Бүгін Астанада «Азаматтарға арналған үкіметтің» жұмыскерлері Жұмаш Шаямановаға барып қайтты. Мереке қарсаңында Жұмаш апайдың жасы 100-ге толып отыр. Жұмаш апайдың тағдыры таңқаларлық және өткен ғасырда туған адамдардың тағдырына ұқсас. Ақмола облысының тумасы, Жұмаш апай соғыс кезінде тыл еңбеккері ретінде колхозда сауыншы болып жұмыс істеген. Соғыс барлығын жан-жаққа таратып жібергендіктен, туған-туыстарымен байланыс үзілген. Ал 1960 жылы ол өзінің анасы мен үлкен әпкесін тапқан. 80-жылдардың басында Жұмаш апай Целиноград қаласына балаларына көшіп келген. Бүгінде ол кісінің 16 немере, 29 шөбере және 7 шөпшек сыйлаған 4 ұлы бар.

«Қазақстанда жүз жылдықты аттаған барлығы 571 адам өмір сүреді», - дейді Серікхан Сабыржанов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы директорының орынбасары. «Жұмаш апайдың туған күні -30 қыркүйек, мерекеге орай келіп отыр». Бүгін біз ол кісіні мүшел тойымен және Қарттар күнімен құттықтауға келіп отырмыз, сондай-ақ арнайы әкелген сыйлығымызды табыс  еттік».

Сонымен қатар, Астанада «Азаматтарға арналған үкіметтің» жұмыскерлері Қарттар және мүгедектер үйіне барып, онда тұратындарды келе жатқан мерекелерімен құттықтады, олардың сауалдарына жауап беріп, теледидар сыйлап қайтты. Өскемен, Ақтөбе, Тараз және Павлодардағы «Азаматтарға арналған үкіметтің» жұмыскерлері қарттар үйлерінде мерекелік концерттер өткізді. Алматы, Ақтау, Қарағанды және Көкшетау қалаларында зейнеткерлерге азық-түлік себеттері сыйға тартылды. Сенбі, 1 қазан - Қарттар күні мерекесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистеріне келген зейнеткерлер құттықтаулар мен жағымды сыйлықтарға ие болмақ.