Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz
Екібастұз қаласы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» № 213-V ҚРЗ Заңының жұмыс істеп тұрғанын естеріңізге салады, сондай-ақ мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі 45, № 35 каб. мекенжайында құжаттарды қабылдауды жалғастырады.
Сондай-ақ, анықтама үшін байланыс телефондарының 342030 болып өзгергенін хабарлаймыз.
Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.
Екібастұз қаласы әкімінің
аппараты