kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Туляремия

Туляремия - қызбамен, лимфа түйіндерінің және басқа жүйелердің зақымдалуымен жүретін, интоксикациямен жүзеге асатын табиғи-ошақты зоонозды жедел инфекциялық ауру.

Инфекцияның қайнар көздері болып жабайы кеміргіштер, қояндар, құстар, иттер және т.б. саналады. Инфекцияны табиғатта сүйемелдеудегі негізгі рөл кеміргіштерде (су егеуқұйрығы, қарапайым сұр тышқан, ондатр және т.б.) жатыр.

Таралу жолы көбінесе трансмиссивті, алиментарлы.

Туляремияны таратушылар – кенелер. Адам жануарлармен қарым-қатынас арқылы (терілерін алғанда, өлген кеміршітерді және т.б. жинағанда), кеміргіштермен жұқпаланған тағам азық-түліктері мен су арқылы, қансорғыш таратушылар (кенелер, шіркейлер, бүргелер, соналар және т.б.) арқылы жұқпаланады.

Аурушаңдылық белгілері – дене қызуы 38-400  дейін артады, қалтырау, бас ауруы, бұлшық еттің ауруы, жалпы әлсіздік. Тамырдың сирек соғуы, артериялық қысымның төмендеуі байқалады.

Инкубациялық кезең 3-тен 7 күнге дейін. Кейде ол 1-2 күнге дейін қысқарады және 8-14 күнге дейін ұзарады. Аурушаңдылық жіті, қарқынды басталады, науқастар тіпті аурудың басталу уақытын да айтып бере алады. Дене қызуы 38-400  дейін көтеріледі. Науқастар бас аурына, әлсіздікке, бұлшық еттің аурына, тәбеттің болмауына шағымданады, құсудың пайда болуы да мүмкін. Аурудың күрделі түрлерінде науқастар естен тану мүмкін, сандырақтайды, науқастардың күйі тежелгеннен гөрі қоздырылған болады. Клиникалық нысандарға байланысты инфекцияның жағасында болатын қабыну өзгерістерінің орнында түрлі белгілер болу мүмкін: көздің ауруы, жұту кезінде ауырлықтар, кеуденің ауруы, без түйінің шошып ауруы. Аурудың клиникалық белгілері  инфекцияның кіреберіс қақпасын шектеумен анықталады.

Туляремияның алдын алу. Кеміргіштермен байланысты шектеу. Жұқпалану тәуекеліне жататын қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын сақтау. Аңшылыққа шыққан кезде қояндардың, ондатр, көртышқан мен су егеуқұйрықтарының терілерін алғаннан және ішек-қарындарын тазартқаннан кейін қолдарды зарарсыздандыру қажет.

Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша туляремияға қарсы тірі вакцинамен жоспарлы вакцинапрофилактиканы жүргізеді. Туляремиямен ауырған науқастар қоршаған ортаға қауіп төндірмейді.

 

Екібастұз қалалық тұтынушылардың

 құқықтарын қорғау басқармасы

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза