kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Медициналық қалдықтармен айналысудың өзекті мәселелері

Медициналық ұйымдардатуын дайтын қалдықтаролардың құрамы мен биологиялық агенттердің контоминациясы деңгейіне байланысты эпидемиологиялық және экологиялық қауіптіліктің түрлі деңгейіне ие және санаттарға бөлінеді. Егер қолданылған шприцтерді қалған қалдықтардан бөлек сақтау үшін күш салмаса, онда олар емхана аумағында болып қалып қайта қолданылуға және инемен егілуге алып соғу мүмкін. Олардыңқайталанып қолданылуы мына аурулардың таралуын туындатады:

-       В гепатиті вирусы;

-       С гепатиті вирусы;

-       АИТВ;

-       Қан арқылы таралатын басқа да патогендерді

2008 жылдан бастап Екібастұз қаласының аурухана ұйымдарында халықтың  санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттарға сай медициналық қалдықтарды қауіпсіз пайдаланудың бірыңғай жүйесі енгізілді.

Әрбір медициналық ұйымда жауапты тұлғалар тағайындалды, медициналық қалдықтарды пайдалану бағдарламасы, қалдықтардың қозғалысы сұлбасы  өңделді. Медициналық қалдықтарды уақытша сақтау жайлары жабдықталды.  Бір рет пайдаланылатын медициналық аспаптар қолданылғаннан кейін алдын ала сұрыпсыз, дезинфекциясыз, пішінін өзгертпей  қауіпсіз жоюдың арнайы жәшіктеріне жиналады.

Барлық емдеу-алдын алу ұйымдары жеке меншік нысанына қарамастан, медициналық қалдықтарды жинауға арналған пластикалық сыйымдылықтармен, , пакеттермен, қауіпсіз жою жәшіктерімен қамтамасыз етілген. Стационарлар, емханалар, медициналық орталықтар медициналық қалдықтардың жиналған орнынан оларды уақытша сақтау орнына тасымалдау үшін шағын механизация құралдарымен (арбалармен, доңғалақтары бар шандармен) қамтылған. Емдеу профилактикалық ұйымдарының қызметшілері арнайы киімдер жиынтығымен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтылған. Медициналық ұйымдардың жауапты тұлғалары бекітілген журналдарда медициналық қалдықтардың күнделікті есебін жүргізеді. 

Екібастұз қаласында 2 медициналық ұйым: көп салалы қалалық аурухана және перзентхана жою құрылғыларына ие, Б санатты медициналық қалдықтарды өзіндік жояды. Қалған емдеу профилактикалық ұйымдардың 98% медициналық қалдықтарды шығару мен жоюға Павлодар қ. заманауи жою құрылғыларына ие ұйымдарымен шарт жасасты.

Екібастұз қаласының медициналық ұйымдарында 2008-2010 ж.ж. ай сайын 2 тоннаға дейін инъекциялық материал жиналды, қазіргі таңда 19 тоннадан асады. Қауіпті медициналық қалдықтарды орталықтандырып жою үшін Екібастұз қаласында жоятын құрылғы жоқ. 

Бүгінгі таңда технологияларды жетілдіру жағдайында адам денсаулығы мен салауатты өсір сүруіне және қоршаған ортаға медициналық қалдықтардың қауіптілігін ұмыстпауымыз қажет. Эпидемиологиялық және экологиялық қауіптілікті туғыздырмаудың аса дұрыс шешімі болып медициналық қалдықтардың жиналымын, тасымалдануын және жойылуын жақсы ойластырылған ұйымдастырылған жүйе болып саналады.

 

«Екібастұз қалалық тұтынушылардың

құқықтарын қорғау басқармасы» РММ

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза