Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Парентеральді гепатиттің алдын алу

Парентеральді жол таралатын инфекциялардың алдын алу – денсаулық сақтау саласындағы аса күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Медициналық қызметкерлер жиі тап болатын негізгі жұқпалар: В, С вирусты гепатиттері.

«В» гепатиті немесе сарысулық гепатит, «С» гепатиті немесе қан құйғаннан кейінгі гепатит –халықтың инфекциялық патологиясында әлемдегі барлық мемлекетте, оның ішінде Қазақстан Республикасында жетекші орындардың біріне ие.

 Инфекция ауыр клиникалық ағынмен сипатталады, бауыр циррозы мен бауырдың бастапқы ісігінің себептері болып саналады. В және С гепатиттерін парентеральді араласуда, қан құйғанда, жыныстық қатынаста жұқтыру мүмкін, жұқпа вертикалды жолмен анадан балаға да таралады. Медициналық ұйымдарда парентеральді араласу кезінде жұқпаланған қанмен және оның құралдарымен байланыста болғанда, сондай-ақ контаминирленген медициналық аспаптар арқылы, олардың зарасыздандыру тәртібін бұзған кезде, косметологиялық және шатараз салондарында татуировка салғанда, құлақ тескенде өңделмеген инелерді пайдаланған кезде жұғады. Нашақорлар арасында гепатиттің жиі таралған жолы бірнеше адам бір инені қолданған кезде  жұғады. Сондықтан нашақорлар гепатиттердің барлық түрлерінің тәуекел тобына жатады.

Гепатитті емдеуден гөрі алдын алу жеңіл.Сіздің деніңіз сау екендігіне көз жеткізу үшін, әсіресе жүкті болған жағдайда гепатитің асқынулары мен зардабын шекпеу үшін  В және С гепатиттеріне қан тапсырған жөн.

«В» және «С» гепатиттерінің алдын алу үшін мыналар қажет:

- жұқпаланған қанмен немесе оның құралдарымен байланысты болдырмау;

- жеке бас тазалығының жеке  құралдарын (бритва мен маникюр құралдарын, тіс щеткасын, қайшыны, тарақтарды, сыну құралдары мен орамалды) ғана қолдану;

- кездейсоқ жыныстық қатынастарды болдырмау, презервативті қолдану;

- косметикалық процедураларды (татуировка, пирсинг, маникюр мен педикюр, құлақ тесу, инемен емдеу) оларды өткізуге лицензиясы бар арнайы мекемелерде жүргізу;

«С» гепатитіне қарсы арнайы иммундау жүргізілмейді.

«В» гепатитінен қорғанудың аса тиімді жолы – вакцинация саналады. «В» гепатитіне вакцинациялау баланың өмір жолының бірінші жылында Ұлттық екпе салу күнтізбесіне сәйкес, үш вакцинация алады. «В» гепатиті маркеріне теріс нәтиже берген жағдайда тәуекел тобының өкілдеріне (медқызметкерлер, қан құю жүргізілген науқастар, нашақорлар, гемодиализде жатқан аурулар)  «В» гепатитіне қарсы 3 еселік иммундау жүргізіледі.

 

«Екібастұз қалалық тұтынушылардың

құқықтарын қорғау басқармасы» РММ