Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Азаматтарға арналған үкімет» жұмыскерлері перинаталдық орталыққа шығып, кеңес берді

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

«19» қыркүйек                                                                                                               Астана қ.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» жұмыскерлері перинаталдық орталыққа шығып, кеңес берді

 

Өткен демалыста Қазақстанның барлық аумағында Аналар күнін атап өтті. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпрациясының жұмыскерлері де бұл бейресми, бірақ жанға жылы мейрамды тойлаудан шет қалмады және Астана қаласының №1 перинаталдық орталығына шығып, жас аналарға кеңес берді.

Перзентханадағы кездесу барысында мемлекеттік корпорация фронт-офистерінің инспекторлары жас аналарға «Мемлекеттік корпорация» фронт-офистері арқылы ұсынылатын жүктілік пен босану, бала тууы және басқа да қызметтер бойынша әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша түсіндірмелер берді.

            «Біз перинаталдық орталықтың емделушілеріне бала тууына жәрдемақыны бір ғана өтініш арқылы рәсімдеуге болатынын айтып бердік» - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы директорының орынбасары Серікхан Сабыржанов. «Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбасы мен электрондық үкімет порталына қолжетімділік болса жеткілікті. Композиттік қызмет ата-аналарға бала тууға бір жолғы жәрдемақыны тағайындау және бір жасқа дейінгі бала күтіміне әлеуметтік төлемдерді тағайындауға бір уақытта өтініш беруге мүмкіндік береді».

            Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының инспекторлары Қазақстанда әйелдер үшін жүктілік демалысы төлемдерін рәсімдеу процедурасы жеңілдетілгендігін – енді жұмыс орнынан еңбекақысы туралы анықтаманы ұсынудың қажеті жоқ екендігін айтып берді. Енді жүктілік демалысы төлемдерін тағайындау автоматтандырылған ақпараттық жүйеде көрсетілген нақты аударымдар бойынша  жүзеге асырылады.

            Айтпақшы, қазақстандықтар 1411 - тегін қызмет көрсету нөмірі арқылы жәрдемақыны және зейнетақыны есептеу бойынша кез-келген сұрақтарын қойып, кеңес ала алады.

Сондай-ақ, Сабыржановтың айтуынша, республикалық бюджеттен жәрдемақы мен әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдерді алушылар қалауы бойынша жәрдемақына аудару үшін арнайы ағымдағы шот ашуларына болады. Бұндай арнайы шотқа түскен ақшалай қаражатты банктің несие бойынша кешіктірілген қарызын өтеу үшін арқылы ұстауына жатпайды.

Мемлекеттік корпорация арқылы жыл басынан бастап барлығы 122 мыңнан астам жүктілік демалысы төлемдері, 288 мың бала тууына біржолғы төлем және 166 мың бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалған.

            Айта кетерлігі, аталмыш акция Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге орайластырып, тек Астана қаласының перзентханасында ғана емес, сондай-ақ Павлодар, Орал, Атырау және басқа да қалаларда өтті. Мемлекеттік корпорацияда мерейтойлық датаға арналған бұл алғашқы іс-шара емес. Жұмыскерлер мен олардың балалары «Мектепке жол», мемлекеттік тілді білу конкурсына, спартакиадаға және балалар суреттерінің конкурсына қатысқан болатын. 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

 коммерциялық емес акционерлік қоғамының

Баспасөз қызметі