Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласында мүлікті жария ету туралы Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары!

        Екібастұз қаласы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы заңының  (бұдан әрі-Заң) жұмыс істеп жатқанын еске салады.

         Заңына сәйкес жария етуге: ақша; бағалы қағаздар; заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа); құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар); Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жатады.

2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған және өздері алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектілері жария етуге қатыса алады. Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар мүлікті жария ету субъектілері болып табылады.

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету комиссияға жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды:

1) Заңмен белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті;

2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін;

3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;

4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын беруі арқылы жүргізіледі.

Жария ету субъектілері құжаттарды жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша комиссияға ұсынады.

Екібастұз қаласында мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу жөніндегі комиссия құжаттарды қабылдауды Мәшһүр Жүсіп көшесі 45, № 35 каб., тел. 344500 мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүзеге асырады.  

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2016 жылдың 30 қарашасында аяқталады.

 

Екібастұз қаласы әкімінің аппараты