Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстанның ардагер энергетиктерінің V Республикалық форумы

Жариялау күні: 21.06.2013 ж.

18 - 20 маусым аралығында Екібастұз қаласында «Қазіргі заманғы энергетиканың өзекті проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбында ардагер энергетиктердің V Республикалық форумы өтті.

Басқосуға еліміздің барлық аймағынан және жақын шетелден 60-тан астам делегат қатысты. Форум жұмысына Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өкілдері, ірі энергетикалық компаниялардың басшылары да қатысты.  

Мәжіліс барысында қатысушылар өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады. Форум жұмысының қорытындысы бойынша «Құрметті энергетик», «Еңбек сіңірген энергетик» және «Ардагер энергетик» сияқты кәсіби наградалар, сондай-ақ Павлодар облысы әкімінің және Екібастұз қаласы әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді. Бұл іс-шара Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының ардагерлер кеңесінің бастамасымен өткізілді. Ресми кездесуден басқа, қатысушылар Екібастұз қаласының көрікті жерлерін аралап, Екібастұздың ең ірі МАЭС-1 және МАЭС-2 электрстанцияларының жұмыс принциптерімен танысты.

«Ел энергетикасының негізін қалаған құрметті ардагер энергетиктеріміздің форумға қатысқанына өте қуаныштымыз. Ардагерлерге қамқорлық жасау - Екібастұз ГРЭС-1 станциясының ұжымы үшін басты міндеттердің бірі. Біз кәсіпорнымыздағы 150-ден астам зейнеткерге қолымыздан келген көмекті аямаймыз. «Ардагер Энергетик» наградасымен марапатталған Костылев Юрий Васильевичті шын жүректен құттықтағым келеді. Юрий Васильевич ұзақ уақыт бойы ГРЭС-1-де бас инженер болып қызмет етті және кәсіпорнымыздың дамуына баға жетпес үлес қосты», - деді өз сөзінде «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бас директоры Рысқан Свамбаев.