Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 18 қазандағы  өкімімен Асланбек Балтабекұлы Садықов «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып  тағайындалды.

Асланбек Балтабекұлы 1989 жылы 21 желтоқсанда  Павлодар облысы Лебяжі ауданының  Жабағылы ауылында туған. Білімі - жоғары, 2011 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру мамандығы бойынша, 2014 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген. 

Жалпы еңбек өтілі -6 жыл, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 4 жылдан асады.

Әр жылдары:

Ақсу қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы, Екібастұз қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі лауазымдарын атқарған. 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалғанға дейін осы бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 141202 Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі,  62, 304 каб.

Электрондық мекенжайы: otdstr@list.ru

Ғаламтордағы сайтыhttp://stroy.skom.kz

Телефоны: 8 (7187) 34-75-21         

Азаматтарды жеке қабылдау апта сайын сейсенбіде сағ. 16.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі