Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Нұрболат Копежанов: жер мәселесі

Ассалаумағалейкүм Қайрат Теміршотұлы Мен Копежанов Нұрболат Раушанбекұлы 11.07.74 жылы туылдым.Екібасұз қаласының тұрғынымын.Өзім Ақкөл ауылынан келгенмін.Қазір 208 квартал (нахаловка)туысқанымдікінде тұрып жатырмын.Үш балам бар.Жер беріп жатыр дегенді естіп,Горняк подхозынан жер алып,кейін жеке шаруашылығын ашып еңбектенейін деген ниетпен жерге кезекке тұрғанмын.Бүгін 12.08.16 ж барып жауабын білсем биылша жер берілмейді дейді.Балалардың мектебіне дейін.Горняк подхозынан жер алып ,үй тұрғызам деп едім.Соған қандайда болсын,септігіңіз болса деген оймен сізге хат жолдап отырмын.Өзіңізден жауап күтемін.

Сіздің Қоянды ауылында тұрғын үй құрылысына және жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер телімін бөлу мәселесі бойынша өтінішіңізге, Қоянды ауылының құрылысы сызбасы бойынша жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін бос жер телімінің жоқ екендігі туралы хабарлаймын.

Қазіргі уақытта «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Қоянды ауылының құрылыс сызбасына түзету жүргізілуде, ол ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарлануда.

Аталған жұмыстың аяқталуы бойынша, Сіз жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер телімін беру туралы өтінішіңізбен қарануға құқығыңыз бар.