Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Медиация күні» республикалық акциясы

2016 жылдың 5 тамызында Қазақстанның барлық өңірлерінде бір мезгілде  Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Медиация күні» республикалық акциясы өткізілді.

Сондай-ақ, Екібастұз қаласының Достық үйінде республикалық акция шеңберінде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын қабылдау күніне орайластырылған «Медиация – қоғамдық келісімнің және азаматтық біртектілікті нығайтудың бірегей институты» атты конференция өткізілді.

Іс-шараға кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Екібастұз қалалық және мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары, жергілікті атқарушы органдар, мүдделі  мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктер, ПИК өкілдері қатысты.

Конференцияда Екібастұз қаласының кәсіпқой медиаторы, Екібастұз қалалық сотының судьясы, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы сот медиациясын пайдалану тәжірибесі, Қазақстандағы медиацияны дамыту мен медиацияның артықшылықтары туралы баяндады.

Конференция соңында қатысушылармен сауалнама жүргізілді, сонымен қатар конференцияға қатысушылар кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімімен танысты.

 

 

Екібастұз қаласы әкімі аппаратының

 мемлекеттік-құқық бөлімі