Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласындағы «А» вирусты гепатитінің алдын алу шаралары

Екібастұз аймағында «А» вирусты гепатиті аурушандығыныңөсімі көп жылдар бойы байқалды.Аурушандықтың циклдік көтерілуінің мезгіл аралығы 10-12 жылды құрайды. Соңғы жылдары «А» гепатитінің тіркелген жағдайларының төмендеу үрдісі байқалады.

Статистикаға келетін болсақ, 2010 жылы «А» вирусты гепатиті (әрі қарай - АВГ) аурушандықтың көтерілуі кезінде (53 жағдай тіркелді), оның 70 пайызы мектеп оқушылары құрады. Инфекцияны тоқтату үшін 2010 жылдың қараша- желтоқсанайларында, 8000-нан астам оқущылар «А» вирустық гепатитіне қарсы алғашқы екпе алды.

       Жоспарлы иммундау 2 жастағы балаларға, шұғыл иммундау 14 жасқа дейінгі балаларға (еңалдымен оқушыларға)2011 жылы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізіп, АВГ 2,5 есе төмендеді. Бір жылдан соң, 2012 жылы – 3 жағдай, оның ішінде 1 оқушы тіркелді. 2013 жылы 2 ересек адам сырқаттанса,  2014жылдың бастап «А» вирусты гепатиті аурушаңдылығы тіркелмеді.

«А» вирусты гепатиті не екенін және ол қалай кауіп төндіретіндігін есімізге түсірейік. «А» вирусты гепатиті –адамның өмірі үшін маңызды мүшесі - бауырды зақымдайтын жіті инфекциялық ауру. Өкінішке орай, осы ауруға барлық жастағы адамдар, әсіресе балалар шалдығу мүмкін. Вирусты гепатитінің таралу көзі науқас  адам болып табылады. Гепатитпен сырқаттанған адам сарғыштық пайда болғанға дейін, яғни теріні сары реңк басқанға дейін өте кауіпті болып саналады.

Вирусты гепатитінің қоздырғышы аурудың алғашқы күнінен бастап қан мен несеп құрамында артық мөлшерде болады. Ауруды ластанған тағам азық-түліктері, кір қол, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, күнделікті тұрмыс құралдары арқылы жұқтырып алуға болады. Сарғыштық басу кезеннің алдында аурудың әйгілену белгісі тұмауға ұқсас: дімкәстік,әлсіздік, дене қызуы, жөтел, жоғары тыныс алу жолдарының қабынба белгілері, бұлшықет пен буынның ауырсынуы.

Терінің «сарғыш бояуға» боянуы аурудың басталғанынан 7-12 күн аралығында аз-аздап пайда болады. Алдымен көздің ағы, жұмсақ таңдай, содан кейін кеуде және іш терісі, бұдан кейін бет, қол, аяқ терілері сарғая бастайды.

Кейде гепатит сарғыштық белгілерсіз болып өтуі мүмкін, дегенмен бауырды зақымдау белгілері сол қалпында қалады. Аурудың сыртқа көрінбеген белгілері науқас адамның өзіне және оны қоршаған тұлғаларға қауіп төндіреді. Әлсіздіктің алғашқы белгілері пайда болғаннан бастап медициналық көмекке жүгінген жөн.

Егер жоспарлы алдын алу екпелері туралы айтатын болсақ, ол балалардың 2 жасынан бастап екі есе 6 ай аралықта тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүргізіледі.  Бұл балалар арасында «А» вирусты гепатитін жұқтырудан қорғайтын қарапайым, жоғарғыпайызды және қаупсізтәсілі.

Сонымен қатар, тазалық сақтау аса маңызды: тамақтану алдында, дәретханадан кейін, далада серуеннен, ойыннан кейін қол жуу, қайнатылған және бөтелкеленген судықолдану; тағамғапісіріліп, өндеуден өткен азық-түліктерді қабылдау, жеміс-көкөністі тамаққа пайдалану алдында мұқият сабынмен жуу; ыдыс-аяқ пен тұрғын үй бөлмелерін тазалықта ұстау; жеке бас тазалығының жеке құралдарын (орамал, тіс щеткасы, қол орамалын) пайдалану; ашық су қоймаларында текшомылуға арнайы бөлінген орындарда шомылу керек.

Осы қарапайым ережелерді сақтап, дендеріңіз сау болсын!

Екібастұз қалалық тұтынушылардың құқықтарын

қорғау басқармасының эпидемиологиялық

қадағалау бөлімінің бас маманы                                                К.А. Айтпаева