Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Қарасор-V» және «Майсор» (кварц құмдары) учаскелерінде 2016-2018 жылдарға арналған іздеу-бағалау жұмыстарының жобаларын талқылау жөнінде ҚОӘБ материалдарымен өткізілген қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы

Өткізілген уақыты: 2016 жылғы 22 шілде сағат 10:00.

Өткізілген орны: Екібастұз қаласы, М.Жусуп даңғылы, 100, Достық Үйі.

 

Қоғамдық тыңдауларды «Азимут-Геология  ЖШС (Қарағанды)  және «Интерсервис-Пульс» ЖШС (Павлодар) ұйымдастырды.

 

Қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіні туралы  жұртшылыққа  мына құралдар арқылы жеткізілді:

-газеттердегі хабарландырулар:

1) «Звезда Прииртышья» 2016 жылғы 02 шілде №73 (18913);

2) «Звезда Прииртышья» 2016 жылғы 09 шілде №76 (18916);

3) «Голос Экибастуза» 2016 жылғы 30 маусым №26 (3140);

4) «Голос Экибастуза» 2016 жылғы 06 шілде  №27 (3141);

Хабарландырулар мына сайттарда орналастырылды:

-Екібастұз қаласының әкімдігі (ekibastuz.gov.kz)

-Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы (tabigatpv.gov.kz)

Хабарландырулардың және жіберілген хаттардың көшірмелері қоса берілді (1-қосымша).

Тіркелген қатысушылардың тізімі қоса берілді  (2-қосымша).

Қоғамдық тыңдауларға қатысты:

1)   қоғамдық және экологиялық ұйымдардың өкілдері;

2)   мемлекеттік органдардың өкілдері;

3)   БАҚ өкілдері;

4)   Павлодар, Екібастұз қалаларының тұрғындары.

Екібастұз қаласы әкімдігінің өкілі , кәсіпкерлік бөлімінің басшысы  - Бейсембаев Н.К қоғамдық тыңдауларды бастау туралы және  Павлодар қаласының құрметті азаматы, қоғам қайраткері, ҚР Құрметті құрылысшысы Е.Г. Азаровты жиналыстың төрағасы, Екібастұз  қаласы әкімдігінің қызметкері Э. Марченконы  қоғамдық тыңдаулардың хатшысы етіп сайлау жөнінде ұсыныс жасады.

Төрағаны және хатшыны сайлау:

Төраға: Азаров Евгений Григорьевич

Хатшы: Марченко Элена

Шақырылғандар: «Азимут-Геология»    ЖШС     геологі –  Жұмабеков Н.Н. (Қарағанды қ.)

«Азимут-Геология»    ЖШС     ҚОӘБ жобасының эколог-жобалаушысы  Мақсұтбекова  Р.Б. (Қарағанды қ.)

Павлодар облысы бойынша экология департаментінің өкілі – Қайырбаев Р.К. 

Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының өкілі  -Бусина Р.Ж.

 

Күн тәртібі

1) Жобамен таныстыру.

2) Тыңдауға қатысушылардың талқылаулары (сұрақтар-жауаптар)

3)   Қоғамдық тыңдаулардың қорытындыларын қабылдау  және қоғамдық тыңдаулардың жабылуы  

Сөз сөйледі:

1.1.      «Интурсервис» ЖШС директоры Жұмабеков К.К. Тікелей келіссөздер  жүргізу жөніндегі жұмыс тобының шешімімен жер қой-науын пайдалануда жалпыға  кең таралған  пайдалы қазбаларды  (кварц құмдары) барлау немесе өндіру құқығы«Интурсервис» ЖШС-ға табысталды.  Геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу үшін ҚОӘБ-мен жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Әзірлеушісі - «Азимут-Геология»    ЖШС   (Қарағанды), қыз-меткерлері Сіздерді    жобамен таныстырады.

1.2.«Азимут-Геология»    ЖШС     геологі  Жұмабеков Н.Н. іздеу-бағалау жұмыстарының  баяндамасын және жоспарланған жұмыстардың негізгі ақпаратын ұсынды.

1.3. «Азимут-Геология»    ЖШС     ҚОӘБ жобасының  эколог-жобалаушысы  - Мақсұтбекова  Р.Б.

Өткізілетін жұмыстардың  түрі  және мақсаты

Жұмыстың түрі – кең таралған пайдалы қазбаларды іздестіру-бағалау жұмыстары(кварц құмы) .

Іздестіру-бағалау жұмыстары  Майсор алаңында 7,73 км ² (773 га), Қарасор алаңында –V 0,598 км ²(59,8 га).

Жұмыстардың  мақсаты- «Майсор» учаскесінде және «Қарасор V»  учас-кесінде  шыны өндірісіне жарамды кварц құмдарының қорларын анықтау үшін   іздестіру-бағалау жұмыстарын өткізу.

Іздестіру-бағалау жұмыстарының құрамы:

-топографиялық-геодезистік жұмыстар;

-бұрғылау жұмыстары;

-скважиналарды геофизикалық зерттеулер;

-гидрогеологиялық бақылаулар;

-инженерлік-геологиялық зерттеулер;

-экологиялық зертетулер;

-сынақтар.

Геологиялық-барлау партиясының негізгі деректері

Жұмыстардың  учаскелері - Майсор, Қарасор

Геологиялық-барлау партиясы персоналының саны -12 адам.

Жұмыстарды өткізу кезеңі – жылдың көктем-жаз-күз кезеңі.

Геологиялық барлау партиясын  сумен қамтамасыз ету жақын маңдағы су алу нүктесінен  жүзеге асырылады.

Жұмыстар аумағында орналастырылады: жанар –жағармай мате-риалдарын уақытша сақтауға  арналған ыдыстар, дизель электр станциясы,  бұрғылау қондырғысы, дизель-генератор және қосалқы автокөлік.

ҚОӘБ жобасының   негізгі деректері

1.Жобаны іске асыру үшін суға жалпы қажеттілік 333,0 м³ құрайды.

2. Шаруашылық-тұрмыстық  сарқынды суларды бұру көлемі  288м³.Тұрмыстық сарқынды сулар қазылған шұңқырға жиналады.

3. Жұмыстарды өткізу үдерісінде жылына 0,901 т қатты-тұрмыстық қалдықтар жиналады.

4. Жұмыстарды өткізу барысында геологиялық барлау партиясының келесі объектілері атмосфералық ауаны ластайтын стационарлық көздер болып табылады:

- дизель электр станциясы және генератор;

-жанар –жағармай мате-риалдарын уақытша сақтауға  арналған ыдыстар (бензовоз);

-бұрғылау жұмыстары.

Стационарлық көздер атмосфераға  «Майсор»  алаңы бойынша 5,9716 тонна, «Қарасор» алаңы бойынша 5,7728тонна ластаушы заттектер шығарады.

Геологиялық барлау жұмыстарының  қоршаған ортаға әсерін бағалау

Геологиялық барлау жұмыстарының өндірісі  кезінде қабылданған таби-ғат қорғау іс-шаралары қоршаған ортаға  ең төмен мөлшерде зиян келтіре от ырып,  жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді.

*Атмосфералық ауаға әсері аз,  жергілікті және қысқа уақытта болады;

*Жобаланған жұмыстардың жерүсті және жерасты суларына әсері мардымсыз, жергілікті және қысқа уақытта болады;

*Геологиялық ортаға әсері шамалы деп бағаланады;

*Жобаланған жұмыстардың топырақ қатпарына әсері шамалы.

*Өсімдіктерге әсері  қарқындылығы бойынша шамалы, масштабы жергілікті , уақыты бойынша ұзақ емес  деп есептеледі.

*Жануарлар әлеміне әсері  қарқындылығы төмен, уақыты бойынша ұзақ емес  деп есептеледі.

Жұмыстар аяқталғаннан кейінгі іс-қимылдар:

Жұмыстар аяқталғаннан кейін рекультивациялық іс-шаралар өткізу жос-парланады:

Рекультивациялық іс-шаралардың құрамына  енеді:

-жұмыс аумағын қоқыстан тазарту;

-геологиялық құрал-жабдықтарды жинау және әкету;

-геофизикалық пикеттерді жинау;

-скважиналардың ауыздарын  нығыздау және топырақпен жабу;

-ЖЖМ төгілген жерлердегі дақтарды жою;

-жер жұмыстары орындалған  жерлерде  шұңқырларды жабу (септик) және жерді тегістеу.

-жұмысты  бастар алдында алынған құнарлы жер қатпарын төсеу.

 

Қоршаған ортаны құрғау жөніндегі  іс-шаралар

Жұмыстарды жүргізу кезінде қабылданған табиғат қорғау іс-шараларын сақтау жұмыстарды қоршаған ортаға  аз  зиян  келтіре отырып, жүргізуге мүмкіндік береді.

 

Іздестіру жұмыстарының  табиғат ортасына теріс әсерінің алдын алу үшін келесі іс-шаралар қарастырылады:

 

Ауа бассейнін қорғау:

-дизель электр станцияларын, ЖЖМ ыдыстарын тұрғын аймақтан 50 метрден кем емес қашықтықта орналастыру.

 

Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану: 

- мұнай өнімдерінің және басқа зиянды заттектердің жерүсті және жерасты суларына түсуіне жол бермеу; Түпқоймаларды пайдалану;

- шарт бойынша сарқынды суларды септиктен полигонға тасыпшығару.

 

   Жер ресурстарын қорғау

- ЖЖМ және басқа қауіпті заттектерді арнайы алаңда сақтауды ұйымдастыру және ыдыстық  герметикалық  жағдайын бақылау

 

Жер қойнауын қорғау және ұтымды пайдалану

-бұзылған жерлердің рекультивациясы ( бұрғылау кезінде қалыптасқан таужынысты шұңқырларды көмуге, нығыздауға және бұрғыланған жерлерді тегістеуге  қолдану).

 

«Қарасор-V»  және «Майсор» (кварц құмдары)  учаскелерінде  ҚОӘБ   материалдарымен іздеу-бағалау  жұмыстары» объектісі бойынша жұмыстардың өндірісі жобасы бойынша  қоғамдық тыңдаулардың сұрақтары мен жауаптары

 

Өткізілген  күні: 2016 жылғы 22 шілде сағат 10.00.

Өткізілген орны: Екібастұз қаласы, М.Жусуп даңғылы, 100, Достық Үйі.

 

Сұрақтар

Жауаптар

1. Әубәкіров А.Б. 

«Осы жоба бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу керек пе?»

 

«Азимут-Геология»    ЖШС     ҚОӘБ жобасының  эколог-жоба-лаушысы  - Мақсұтбекова  Р.Б.

 

«2007 жылғы 9 қаңтарда қабылданған ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес қоғамдық тыңдаулар міндетті.»

2. Азаров Е.Г.

«Бұрғылау бойынша жұмыстар мерзімін қысқартуға бола ма?»

 «Азимут-Геология» ЖШС геологі –Жұмабеков Н.Н.

«Жұмыстар көктем-жаз-күз кезеңінде өткізілетіндіктен, өткізу 2 кезеңге есептелген: 2016 ж. –тамыз, қыркүйек, қазан.

2017 ж.- сәуір, мамыр, маусым.

 

3. Шкиндер С.

«Осы кен орындарында соңғы зерттеулер , Сіздер айтқандай, 1951 жылы жүргізілген.Бұл кен орындарын  барлауда өзгерістер бар ма ?»

«Азимут-Геология» ЖШС геологі –Жұмабеков Н.Н.

«Иә, соңғы геологиялық барлау жұмыстары 1951 жылы жүргізілді. Осы уақытқа дейін  бұл учаскелер бойынша іздеу жұмыстары өткізілген жоқ және кварц құмының қорлары ҚР Қорлар жөніндегі мемлекетік комитетінде бекітілген жоқ».  

 

4. Әубәкіров Е.А.

«Кварц құмының қорлары бойынша нақты ақпарат бар ма?»

«ТМД елдеріндегі шыны құмдарының нарығына шолу» ақпараттық бюллетенінің деректері бойынша «Қарасор-V» ж»не «Майсорда»  шамамен алғанда 35 млн. тонна бар».

 

5. Әубәкіров Е.А.

«Құмның сапасы бойынша деректер бар ма және ол шыны өндіруге жарамды ма?»

«Интурсервис-Пульс» ЖШС директоры –Жұмабеков К.К.

«ҚР геология және минерал ресурстарының ақпараттық-аналитикалық орталығы» РМК мәліметтері бойынша (2015 жыл) негізінен осы кен орындарында ұсақ құм  бар. Минералдық  құрамы бойынша олар негізінен кварцтық болып табылады. Кварц қиыршықтарының құрамы 86,36 пайыздан  бастап 96,74 пайыз ға дейін. Мұндай мөлшерде құрамында темір бар заттар 0,2-0,3 пайыздан аспайды. Химиялық құрамы бойынша бұл құмдарды4 орташа  құрамындағы кремниі 97,5 пайыз, темір тотығы 0,15 пайыз, глинозём 0,46 пайыз болатын 1 және 2- сыныптардағы шыны құмдарына жатқызылады. Осындай құрам оларды байытусыз-ақ медициналық,  химиялық және  терезе шыныларын  жасау үшін қолдануға мүмкіндік береді., яғни, бұл құмдар шынының жоғары сұрыпын  өндіруге арналған бастапқы материал ретінде қолданылады  және Қазақстандағы  шыны өндірісі үшін ірі шикізат базасы бола алады. 

 

6. Нұрбаев А.Н.

«Сіздердің жұмыстарыңызға жергілікті тұрғындар алына ма?»

«Азимут-Геология» ЖШС геологі –Жұмабеков Н.Н.

«Геологиялық барлау жұмыстарының 12 адамнан тұра-тын персоналы  бұл жұмыстың ерекшеліктерін жақсы біледі. Жұ-мыстардың қысқа мерзімді болуы-на байланысты біз жергілікті тұр-ғындарды қабылдай алмаймыз».

Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы Азаров Е.Г. – талқылаудың қорытындыларын шығарды және  жұртшылық атынан «Қарасор-V»  және «Майсор» (кварц құмдары)  учаскелерінде  ҚОӘБ   материалдарымен іздеу-бағалау  жұмыстары» объектісі бойынша жұмыстардың өндірісі жобасын келісуді ұсынды, сондай-ақ барлық қатысушыларға  талқылауға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.

 

 

Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы   Азаров Е.Г. _________________

Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы Марченко Э. _________________

   

  

«Қарасор-V»  және «Майсор» (кварц құмдары)  учаскелерінде  ҚОӘБ   материалдарымен іздеу-бағалау  жұмыстары» объектісі бойынша жұмыстардың өндірісі жобасы   бойынша қоғамдық тыңдаулардың

№1 қосымшасы                                                                                 

2016 жылғы 22 шілде сағат 10.00.

Екібастұз қаласы, М.Жусуп даңғылы, 100, Достық Үйі.

 

Хабарлаулардың және жіберілген хаттардың тізімі

1) «Звезда Прииртышья» 2016 жылғы 02 шілде №73 (18913);

2) «Звезда Прииртышья» 2016 жылғы 09 шілде №76 (18916);

3) «Голос Экибастуза» 2016 жылғы 30 маусым №26 (3140);

4) «Голос Экибастуза» 2016 жылғы 06 шілде  №27 (3141);

5) «Павлодар облысы тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті» ММ Шығыс №6-11/4209 2016 жылғы 19 шілде

6)   «Қазақстан Республикасы Инновациялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» ММ   Шығыс №25-20-14/2-ЗТ-366  2016 жылғы 21 шілде

7) «Павлодар облысы бойынша экология департаменті» ММ

Шығыс № 806   2016 жылғы 20 шілде

8)   Екібастұз қаласының әкімдігі Шығыс № 1-38/ЗТ-ж-407   2016 жылғы 4 шілде

   

 2-қосымша

«Қарасор-V»  және «Майсор» (кварц құмдары)  учаскелерінде  ҚОӘБ   материалдарымен іздеу-бағалау  жұмыстары» объектісі бойынша жұмыстардың өндірісі жобасы   бойынша қоғамдық тыңдауларға тіркелген қатысушылардың тізімі

2016 ж.22 шілде

Екібастұз қ.

М.Жүсіп көшесі 100

Достық Үйі

 

 

1

Бейсембаев Н.Б.

Екібастұз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

87187 34-02-35

2

Азаров Е.Г. 

Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі, Павлодар облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Павлодар қаласының құрметті азаматы

87182 61-81-92

3

Әубәкіров А.Б.

Павлодар қаласының бұрынғы әкімі, Павлодар облысы әкімдігі әкімінің орынбасары, Павлодар қаласының құрметті азаматы,  ҚР Құрметті құрылысшысы

87182 32-89-24

4

Нұрбаев А.Н.

Павлодар қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы

87182 32-02-12

5

Бухина Р.Ж.

Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқарма-сының  бас маманы

 

87182 32-93-79

6

Жұмабеков Н.Н.

«Азимут-Геология» ЖШС геологі(Қарағанды)

87212 41-82-53

7

Мақсұтбекова Р.Б.

«Азимут-Геология»    ЖШС     ҚОӘБ жобасының  эколог-жоба-лаушысы 

87212 41-82-53

 

 

 

 

 

8

Қайырбаев Р.К.

Павлодар облысы бойынша экология департаментінің маманы

87182 53-16-43

9

Смағұлов К.Х.

Екібастұз қаласының құрметті азаматы

87187 75-78-85

10

Әубәкіров Е.А.

Екібастұз қаласының құрметті азаматы

87187 75-37-37

11

Горбунов С.Н.

«Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі

87015139693

12

Попова М.

«Атамекен» интернет-порталының тілшісі

87022983689

13

Кисенко М.

«Звезда Прииртышья» газетінің тілшісі

87182 66-15-83

 

14

Сәдуақасов Ж.Ж.

«Екібастұз дауысы» ақпараттық орталығы» ЖШС

87187 34-93-92

 

15

Курианиди И.

Павлодар қаласының тұрғыны

87774182061

16

Жамалиев А.М.

Екібастұз қ. «ТКШБ ЖК және А/Ж» ММ

87187 77-59-30

17

Андросов И.В.

«Интурсервис-Пульс» ЖШС менеджері

87182 53-79-63

18

Жұмабеков К.К.

«Интурсервис-Пульс» ЖШС директоры

87017777090

19

Шкиндер С.

Павлодар қаласының тұрғыны

87056118185

20

Марченко Э.

Екібастұз қ. әкімдігінің маманы

87187 34-40-04

21

Дорошенко Г.

Екібастұз қ. әкімдігінің маманы

87187 34-40-04