Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАЛАР

22 шілде 2016 ж.

 

Қазақстандықтар жария ету мақсаты үшін банктерде арнайы шоттарды

белсенді түрде ашуда

 

Қазақстандықтар 2014 жылғы 1 қыркүйек – 2016 жылғы 18 шілде аралығындағы ақшалай қаражатты жария ету жөніндегі науқан кезеңінде 2145 банк шотын ашты, оларға 1 трлн.  205 млрд. теңгеден астам салынды, деп хабарлайды ҰР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.

Салыстыру үшін мүлікті жария ету науқаны басталғаннан Рақымшылық туралы заңға өзгерістер енгізілгенге дейін (2015 жылғы 29 қарашаға дейін) жария ету субъектілері 181 шот ашты, көрсетілген кезеңде шамамен 84 млрд. теңге енгізілді. Мүлікті жария ету талаптарын жеңілдетуге бағытталған түзетулер қолданысқа енгізілгеннен кейін 1 трлн. 121 млрд теңге немесе барлық ақшаның 93%-ы жария етілді, деп атап өтеді қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі.

Ұлттық Банктің деректері бойынша бұрынғыша Алматы қаласы
(1 трлн. 23 млрд. теңге сомаға 1 109  шот) және Астана қаласы (87,6 млрд. теңге сомаға 228 шот) көшбастап келеді, оларға республика бойынша жария етілген жалпы соманың 92%-ы тиесілі.

Науқанға 31 банк және Ұлттық почта операторы қатысқанын еске саламыз. ҚР Ұлттық Банкінің ресми сайтында азаматтар мен қаржы ұйымдарының жиі қойылатын сұрақтарына жауаптар, науқанның барысы туралы статистикалық ақпарат, жария ету рәсіміне енгізілген өзгерістер бойынша  түсіндірулер  орналастырылған.

 

2016 жылғы 19 шілдедегі  жағдай  бойынша ақша қаражатын жария  ету бойынша науқанды жүргізу нәтижелері туралы есеп

 

Облыстың  атауы (республикалық мәні  бар қалалар, астаналар)

Есепті кезеңдегі операциялар

ашылған  банк  шоттары, бірлік

банк  шоттарына енгізілгені(жеке  тұлғалардан, мың теңге)

1

2

3

Астана қ.

228 

87 576 653

Алматы қ.

1 109 

1 022 999 517

Ақмола облысы

22 

811 421

Алматы облысы

206 681

Ақтөбе облысы

79 

15 536 859

Атырау облысы

25 

12 134 582

Шығыс Қазақстан облысы

14 

1 141 630

Батыс Қазақстан облысы

26 

1 200 580

Жамбыл облысы

31 

4 937 861

Қостанай облысы

55 

2 451 969

Қарағанды  облысы

171 

27 997 149

Қызылорда облысы

110 

242 890

Маңғыстау облысы

2 285 393

Павлодар облысы

21 

1 438 547

Солтүстік Қазақстан облысы

20 

6 251 419

Оңтүстік Қазақстан облысы

224 

18 017 284

БАРЛЫҒЫ:

2145

1 205 230 435