Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Арбиев көшесінің тұрғындары: Қалпына келтірсін!

Қайырлы күн, Қайрат Теміршотұлы! Біз, Арбиев көшесінің тұрғындары, төмендегідей жағдайға байланысты шағымданып отырмыз. Жақында Арбиев көшесінде "Горводоканал" ЖШС-і құдық қазды. Қазылған жердің айналасын айқұш-ұйқыш қылып, жолдың тас-талқанын шығарды. Қалпына келтіруін талап еткен тұрғындарға "жол о баста солай болатын" деп, бізді тыңдамай отыр. Жолды көруге комиссия құрсаңыздар екен. Қазір үйден етікпен, калошпен шығып жүрміз. Жасы үлкен кісілер далаға шығудан қалды. Такси, көлік дегендеріңіз тіпті өте алмайды.
Қайрат Теміршотұлы! Біздің көшемізде Ұлы Отан соғысының ардагері, көп балалы отбасылар, жалғызілікті қарт кісілер тұрады. Олардың жолды қалпына келтіретін қаржысы жоқ. Сондықтан, осы істі жауапсыз қалдырмауыңызды өтінеміз! Сондай-ақ, қазу жұмыстарын жүргізген "Горводаканл" ЖШС-ін жолды қалпына келтірмегендері үшін жауапқа тартуыңызды сұраймыз!

Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің сайтына Арбиев көшесінде жүргізілген жер жұмыстарынан кейін абаттдандыруды қалпына келтіру мәселесі бойынша жазған өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жоғарыда аталған көшелердің шекарасында кәріз желілеріне мердігерлік ұйым «Екібастұз қаласы (Степная – Амангелді Южный шолағы, Беркімбаев көшесі 17 үй) 25 - ші шағын аудандағы кәріз желілерінің құрылыс желілеріне» монтаждық жұмыстар жүргізіп жатыр.

Геологическая, Амангелді көшелері мен Арбиев көшесіне асфальттық жабынды жобада қарастырылмаған, жобаны әзірлеу күнінде асфальт жабынды болған жоқ.

Құрметпен, Екібастұз қаласы әкімі Қайрат Нүкенов.