Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Айжан: цены на продукты

Салеметсызбе!Курметтi Кайрат Темиршотович!!!Сiзден, мына маселеге назар аударуынызды сураймыз!дукендерде азык -тулык багасы куннен кунге осып барады,Екибастуз каласынын багасы Павлодар ,Астана каласынан да кымбат ,енбек оспейды ал калганы барлыгы оседы , соны кадагалауынызды сураймыз!

Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына азық-түліктер өнімдеріне бағаның көтерілуіне қатысты келіп түскен өтінішке, мынаны хабарлаймын:

Екібастұз қаласында әлеуметтік-маңызды азық-түлік өнімдерге негізсіз бағаны көтеруге жол бермеу мақсатында жұмыс тобы әрекет етеді. Аталған топ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың тізбесін бекіту туралы» № 145 Қаулысына сәйкес тұрақты негізде баға мониторингісін жүргізеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға негізсіз баға көтеру байқалмайды.

Негізсіз баға көтерілген жағдайда жедел әрекет ету үшін «шұғыл желілер» телефондарының жұмысы қамтамасыз етілді.

Екібастұз қаласының әлеуметтік орындарымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне 10 % сауда үстемеақысын сақтау туралы келісім жасалды. Негізсіз баға көтеру анықталған жоқ.

Бүгінгі күнге Алматы қаласының «Орталық-Азиаттық қант қауымдастығы» ЖШС – де қантқа баға килограмына 245 теңге (бұдан әрі «ОАҚҚ» ЖШС) көтерілгендігі байқалады. Сонымен қатар Павлодар қаласының көтерме сауда өкілдерінде баға облыстағы қолда бар қант «ОАҚҚ» ЖШС республикалық тауарөндіруші зауыттардан әкелінген себепті 4,5 %-ға өскендігі байқалады.

Екібастұз қаласы бойынша қантты негізгі көтерме жеткізушілері «Кәкімжанова» ЖК, «Юсупова» ЖК және «Нуранбекова» ЖК-інде босату бағасы килограмы 285 теңгені құрайды. 

Жоғарыда баяндалғанға байланысты «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ-мен қантқа бағаны көтеру себебін анықтау үшін «Павлодар облысы бойынша ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің департаменті» РММ-не хат жіберілді.

Өңдеу кәсіпорындардың, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің азық-түлік өнімдердің негізгі түрлеріне минималды босатылу бағасы кәсіпкерлердің назарына жеткізіліп отырады

Тұрғындар азық-түліктерді төмендетілген баға бойынша сатып алу үшін «Сенім» СҮ-нің аумағында ағымды жылдың 23 шілдесінде сағат 9.00-де жергілікті ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. Тауар өндірушілердің өнімдері нарықта делдалсыз іске асырылады.

Құрметпен, Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов.