Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2016 жылдың маусым айындағы жұмысы туралы

2016 жылдың маусым айында қала әкімінің орынбасары  М.Д. Адасбаеваның төрағалық етуімен Комиссияның 2 отырысы өткізілді.

Отырыста 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес келесі мәселелер қаралды:

  - 2016 жылдың мамыр айында қала мектептерінің оқушыларын профилактикалық медициналық  тексеруді жүргізу нәтижесі туралы;

  - Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, «Үміт» балалар үйінде тәрбиеленушілерге мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен бизнес-құрылымдар өкілдерінің дербес қамқоршылығы бойынша жұмысты ұйымдастыру;          

- Жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерді жұмысқа орналастыруға ықпалдасу туралы;     

- Оқушылардың бойында қаланың білім беру мекемелерінде ұялы телефондарды мәдениетті пайдалануды қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы;    

- мектеп жанындағы жазғы лагерлерде балалар үшін қауіпсіз жүріп-тұру және зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде психологиялық және ойын тренингтерін ұйымдастыру және өткізу туралы. 

Комиссия отырысының қорытындысына қарай тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ, Комиссия кәмелетке толмағандарға қатысты 5 жеке істі және кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты 2 материалды қарады.

Қазіргі уақытта, Комиссия шешімімен сотқа жолдау үшін екі кәмелетке толмаған баланы арнайы білім беру ұйымына орналастыру жөнінде материалдар дайындау жұмыстары атқарылып жатыр. Сондай-ақ, сотқа жіберу үшін үш кәмелетке толмаған балаға қатысты бір заңды өкілді ата-аналық құқығынан шектеу мәселесі жөнінде материалдар жиналуда.

1 жасөспірімге қайта құқық бұзушылық жасауға жол бермеу туралы ескертілді, әрі Комиссияның бақылауына алынды.     

Комиссия шешімінің орындалуы кезекті отырыста қаралатын болады.