Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жанна: Жертөле

Құрметті Қайрат Теміршотұлы!
Сіздің көпқабатты үйлер жертөлелеріне назар аударғаныңызды көріп, қуаныштымыз. Жертөлені су басса, сары масаның ошағына айналатыны белгілі. Мына мәселеге де назар аударуыңызды сұраймыз: М.Әуезов көшесі, 157-үйдің 4-даланына кіре берісте күн жылынғалы табалдырықтан (бетонның астынан) сасық иіс шығып тұрады. Сасыған еттің исі сияқты күлімсі. Мысық өліп жатыр ма, не болмаса жертөледе қалып қойған қоқыс исі ме - белгісіз. Екіншіден, 27 маусым күні таңертең пәтерлеріміздің ішін жағымсыз иіс, булы ауа жайлады. Далан іші нәжіс сасып кетті. Моншадан бу келіп тұрғандай әсерде болдық. Мұндай жағдай жиі болмаса да, ара-тұра қайталанады. Біз бір кездері канализация құбырын жаңартуға ақша жинаған едік. Солай бола тұра, нәжістің исі шығу, булы ауа бұрқырауы сияқты жайлар болып тұрады. Осы жағдай реттелсе екен. Үшінші жайт: бұл қаланың бүкіл тұрғындарына қатысты. Көптеген үйлердің даландары талық-тұлық болып тұрады. Далан кір болса, ауладағы немесе пәтердегі тазалықтан не пайда? Күндегі өмір сүріп, кіріп-шығатын, қонақты қарсы алатын есігіңнің алды ластанып жатса, бұл қандай мәдениетке жатады?! Біздің далан да тап солай, қорқынышты күйде тұр. Көршілердің басын қосып жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайынбыз. Өзіміз істейік десек, қабырғаны цементтеп түп-түзу етіп балшықтау қолымыздан келмейді. Басқасын, яғни, әктеп, сырлауды жасағанымызбен, асты біркелкі болмаған соң, әдемі болмайды ғой. Даландарды жөндеу жұмыстарына көңіл бөлген артық болмайды, біздіңше. ПИК басшылары жұмысшылар тартып, жөндеу жұмыстарын жүргізетін адамдар табуға көмектеспей ме?! Қазір дағдарыс кезі, жұмыссыз отырғандар көп. Келісімге келетін адамдар табылатын шығар. ПИК-тер тұрғындарға осы жағынан қол ұшын беруді бір жүйеге келтірсе екен дейміз. Құрметпен, 4-далан тұрғындары

Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына үй маңайындағы территориясын жинау мәселесі жөнінде келіп түскен өтінішке мынаны хабарлаймын:

М.Әуезов көшесі 157 тұрғын үй 5 қабатты, 15 кірешекті, «Энергетик-сервис» ҮИК қызмет көрсетеді

2016 жылғы 29 маусымда «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің өкілімен «Энергетик-сервис» ҮИК-пен бірге жоғары аталған үйінің комиссиялық тексерісі өткізілді.

Тексеріс барысында анықталды: жертөленің құрғақ болуы, ескі – құсқы заттардың болғаны, жарықтың болуы, кәріздік құбыры қаңағаттарлық жағадайда болуы, жылыстаулар анықталмаған. №4 кірешекте косметикалық жөндеу жүргізу қажет.

Сізге үй жайлар (пәтер) иелерімен бірге мақсатты қаражаттарға №4 кірешектің косметикалық жөндеуін жүргізу қажет.

 Кондоминиум объектісінің басқару органы «Энергетик-сервис» ҮИК –не жертөлені жинау және қоқысты шығару жұмысын ұйымдастыруды ұсынылды.

Кондоминиум объектісін басқару органының тиісінше қызмет көрсетпеу мәселесі жөнінде түсінік береміз: Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы 42 бабының 7 тармағына сәйкес - басқа үйлермен бiрге үй-жайлар иелерiнiң бiр кооперативi басқаратын тұрғын үй-жайдың иелерi көпшiлiк болып қабылданған шешiм бойынша осы кооперативтiң құрамынан шығып, өзiнiң жеке кооперативiн құруға, басқа кооперативке ауысуға не кондоминиум объектiсiн басқарудың өзге нысанын қолдануға құқылы.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы»Заңы 8 бабының 1 тармағына сәйкес - тұрғын үйге құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сот шешедi. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 10-б. негізінде, Сіз қабылданған шешімді жоғарыда көрсетілген Заңның 12-б. талаптарына сәйкес шағымдануға құқылы екеніңізді түсіндіремін.

Құрметпен, Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов.