Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шаймерденов Жуматай: Заявления в ДВД

Мен былтыр қазан айында полицияға өтініш жазған болатынмын көшірмесі бар мені мереке агентігімді сайт арқылы балағаттап жыныстық сөздермен мадақтаған болатын міне содан еш еш бір хабар жоқ балағаттаған адам белгілі ВКонтакт сайтында парақшасы бар емін еркін кіріп шығад.Шара қолдануыңызды сұраймын

Сіздің «Электрондық поштасына келіп түскен тіл тигізу» мәселесі жөніндегі өтінішіңізге келесі мәлімет беремін.

2015 жылғы 20 қазанда Екібастұз қаласының ІІБ-нде «talga» белгісіз сайтынан электрондық поштасына тіл тигізген хабарлама келіп түскені туралы сіздің өтінішіңіз АЕК №13572 тіркелді.

Осы факт бойынша жүргізілген тексеріс барысында Беркімбаев көшесі, 176 үй 8 пәтерде тұратын 1988 ж.т. азамат Кабышев Талгат Госмановичтан жауап алынды. Ол оның атына «talga» электрондық адресі тіркелгені, бірақ телефонын сатқандығынан, қазіргі уақытта онымен пайдаланбайтынын түсіндірді. «Ақ Дидар» агенствоға қатысты ол ешқандай хабарлама жіберген жоқ және Сізбен таныс емес.

Құрметпен, Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов.