Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Кенелер мен масалардан не күтуге болады?

Көктемде ұйқыдан тұрған қансорғыштар – кенелер мен масалар аса озбыр болып келеді, өйткені қыс ішінде олардың «қарындары ашты», ал адамдар мен жануарлардың жылы қаны олардың жалғыз азығы. Қансорғыштардан жұғатын қауіпті ауруларға ие болу үшін, қалың орманға бару міндетті емес. Оны саяжайда, тіпті қалада, мысалы, саябақтың жолында іліп алуға болады. Анығын айтсақ,  жәндіктерден көбінесе ірі қалалардың тұрғындары зардап шегеді, олардыңосы ауруларға қарсы табиғи қорғанысы болмайды.

    Алайда, қансорғыштардың шағулары сырқатты және жағымсыз ғана емес, аса қауіпті де болады. Масалар безгек, Денге қызбасы, москитті безгек, Зика қызбасы сияқты трансмиссивті ауруларды таратушы болып келеді. Кенелер туляремия, кенелік энцефалит, риккетсиоздар ауруын таратады.

     Адамдар ауруды жәндіктер шаққан кезде, сондай-ақ жұқпаланған кенені теріге басып езген кезде жұқтырады.

   Масалар көбею үшін кез келген өлшемдегі тұрақты және уақытша су қоймаларын пайдаланады. Павлодарда бұл тек Ертіс жайылмасы ғана мес, сонымен бірге көпқабатты үйлердің жертөлелері, саяжайдағы суы бар сыйымдылықтар. Қансорғыштар қас қарайған кезде және әсіресе жауыннан кейінгі таңсәріде аса белсенді.

     Кенелер қар ерігеннен кейін, көктемнің  сәуір-мамыр  айында «ояна бастайды». Олардың саны мамыр-маусым айында шыңға жетеді. Шілде айында кенелер азая бастайды, ал тамызда екінші кішігірім өсім көрінеді. Біздің облысымызда кенелер барлық қалалар мен аудандарда, бірақ Павлодар, Еқібастұз, Ақсу қалаларының жайылымдарында,  Лебяжье, Шарбақты және Ертіс аудандарында аса көпкездеседі.

     Жыл сайын жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде облыстың тұрғындары арасында кенелердің риккетсиоздарымен сырқаттану жағдайлары тіркелуде. 2015 жылы облыс бойынша кенелердің 32 шағу жағдайы тіркелді, оның ішінде балалар арасында 14 жасқа дейін – 3 жағдай. 2016 жылдың ағымдағы кезеңде медициналық көмекке 11 адам жүгінді.

      Павлодар облысының аумағында кенелік энцефалит қоздырушының ошақтары жоқ, яғни біздің облысымызда қоныстанатын кенелер өмірге қауіпті емес.

Қансорғыштардан жұғатын қауіпті аурулардан қалай сақтануға болады?

    Сіздің назарыңызды кененің шағуы әдетте ауыртпайды, сондықтан да далада демалыстан немесе егістікте жұмыс істеп келгенде, денеңізге жабысып қалған жәндіктердің бар болуына тексеріп-қарау жүргізген жөн. Оларды тапқан кезде, абайлап алып тастап, орнын өңдеп және медициналық мекемеге көмекке жүгіну қажет.

     Кенелер мен масалардың шағуының алдын алу үшін табиғатқа шығар алдында жәндіктер кіре алмайтын дененің барлық бөліктерін жабатын киімді киге кеңес береміз.

   Орынжайға масалардың кіруін болдырмау үшін, терезелер мен есіктер торланған болу керек.

Репелленттерді (қорқытатын құралдарды), электрофумигаторларды қолдануды ұсынамыз.