kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Тырысқақ

Қазақстан аумағына тырысқақтың еніп, таралу қаупі өзекті мәселе болып қалып отыр. Бұл әлемдегі тырысқақ бойынша ушыққан эпиджағдаймен, Қазақстанның халықаралық қатынастың дамуымен, көші-қон процесстердің күшеюімен негізделеді.

Тырысқақ бойынша эпидемиялық өңірлерге Азияның кейбір елдері, Африка, Оңтүстік Америка елдері жатады, енген жағдайлар әлемнің барлық өңірлерінде тіркеледі.

Тырысқақ – таралу жолдарының әр алуандылығынан жылдам тарайды. Тырысқақпен адам ғана ауырады. Жұқпаның негізгі таралу жолы – су арқылы, оған вибриондар сырқат адамның нәжісімен түседі. Өзен, тоған кәріз ағындарымен ластануы мүмкін. Тырысқақ қоздырғышы  су қоймасынан адам ағзасына шомылған кезде суды жұту барысында, шикі сумен жуылған ыдыс-аяқ, көкөніс пен жеміс арқылы түседі. Сондай-ақ ауру қоздырғышы ас пісіру, тағамды сақтау, жуып немесе термикалық өңдеуге жатпайтын тағам өнімдерін (моллюск, креветка, ысталған және ас тұздалған балық) тарату барысында жұқтырылған тамақты пайдаланғанда жұғады. Ауру қатынастық-тұрмыстық жолмен де (лас қол) таралуы мүмкін.

Тырысқақты жиі жағдайда «лас қолдың ауруы» деп атайды, сондықтан тырысқақ бойынша қолайсыз елдерге шығатын азаматтар жеке гигиенаға мән беріп, жергілікті тағамдар мен сусындарды ішкен кезде абай болғаны жөн.

Жеке гигиенаны қатаң сақтай отырып, тырысқақ ауруын ескертуге болады.

  

 

Екібастұз қалалық тұтынушулардың

құқықтарын қорғау басқармасы

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза