kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Сібір күйдіргісінің алдын алу

Сібір күйдіргісі – ағзаның күрделі улануымен, безгекпен, лимфа түйіндерінің зақымдануымен сипатталатын жіті жұқпалы ауру, тері, кейде ішек, өкпе және септикалық үлгіде жүзеге асады.

Сібір күйдіргісі жұқпасының қайнар көзі – ауырған немесе өлген жануарлар. Адамға қарым-қатынаста болу  жолымен (жануарлардың еттерін тураған кезде, терілерін өңдеген кезде және т.б. жағдайларда) және споралармен ластанған азық-түліктерді тағамға қолданған кезде, сондай-ақ шикізут арқылы (тері, жүн, сүйек) жұғады.

Ауру әсіресе жиі теріні, кейде ішкі органдарды зақымдайды. Инкубациялық кезең екі күннен бастап он төрт күнге дейін. Сібір күйдіргісінің терілік, септикалық, өкпе және ішек түрлері болады. Әсіресе дененің ашық жерлері тап болатын аурудың терілік түрі жиі кездеседі. Бас, мойын, көршиқан, ауыз бен мұрынның шырышты қабықтарында көршиқандардың орналасқан кезде ауру қиынға соғады. Алдымен (микробтардың кіру орнында) жәндіктің тістеуіне ұқсас, қасытатын, қызыл түсті дақ көрініс табады.

Тәулік бойы тері қатая түседі, қышу қарқындай түседі, күйдіргіге алмаса отырып, дақ орнында серозды құрамға, кейін қанға толы сулы бөртпе қабыршығы дами бастайды. Науқас адамдар қасыған кезде қабыршықты жарады, орнында түбі қара жара пайда болады. Осы кезден бастап дене қызуының көтерілуі, бастың ауруы, тәбеттің болмауы көріністері байқалады.

Науқас жануарларды (алдын алу ветеринарлық қараудан өткізбей) аулады союды жүзеге асыру,  ветеринарлық санитарлық қағидаларды сақтамай, етті шабу,  терісін алу; науқас жануарларды күткен кезде жеке бас тазалығы ережелерін бұзу, сырқаттанған жануар етінен тамақ дайындау; құрылыс, агротехникалық, гидромелиоративті және басқа жер жұмыстарын жүргізу барысында жұқпаланған топырақпен байланыста болу сібір күйдіргісі ауруының себептері болып табылады.

Қажет сақтық шаралары: ветеринарлық куәландырусыз және жеке меншік тұлғалардан ет азық-түліктері мен жартылай фабрикаттарын сатып алуға жол берілмейді.  Тағамға тек жақсылап термиялық өңдеуден өткен ет өнімін қолдану. Сыртқы түрінде күдікті гемолиздік қан белгілері бар шикі етті бұзуға тыйым салынады. Күйдіргіден жануарлар қырылған кезде, жануарлар жағу жолымен жойылу керек, ал олардан алынған азық-түліктердің барлығы жойылу керек. Сырқаттанған жануармен, немесе адамдармен байланыста  болған тұлғалар екі апта бойы белсенді дәрігерлік қарауға жатады.

Күйдіргіге күмәнді болған кезде не істеу қажет? Ветеринарлық және медициналық мамандарға тезарада хабарлау қажет; өлген жануарларды өздігінен жоймау керек!

 

 

         Екібастұз қалалық тұтынушылардлың құқықтарын қорғау басқармасы

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза