Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Саяжайшыларға жадынама

Қалада масалар мен шіркейлерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. Бірақ бүгін біз көлемді өңдеу жұмыстары жөнінде емес, саябақ учаскелері мен бақшалардағы масаларға қарсы күрес жөнінде айтпақпыз.

Тек аналық масалар адамды тістеп, қанымен қоректенетіні баршамызға белгілі. Бірақ не үшін деп сұрайсыз ғой? Тек масалардың келесі ұрпағына жұмыртқа салу үшін. Маса жұмыртқаны тұрып қалған, жақсы қызитын суда: ұсақ суларда, бактарда, цистерналарда, бөшкелерде және т.б. салады.

Осылайша, құрметті саябақшылар, саябақ учаскелеріңізде суы бар ыдыстардың болуы, Сіздердің саналы түрде маса дернәсілдерінің дамуына қолайлы орын тудырумен тең. Көбіміз суға арналған ыдыстарымызда «ит балықтарды» байқайтынбыз, дернәсілдерді халық арасында осылайша атайтын.

 Бір ыдыстың ішінде маса болып шығатын 100-ден 250-ге дейін дернәсілді есептеуге болады. Енді есептеп көріңіз, шамамен 10 саябақта қанша маса өсіп шығады – шамамен 1000-нан 2500-ға дейін маса ұшып шығады.

Саябақ учаскесінде арнайы препараттарды қолданбастан, масаларға қарсы жүргізілетін күрестің бірнеше қарапайым және қолжетімді тәсіл арқылы олардың санын қысқартуға болады:

1.Суға арналған ыдысты қақпақпен жауып қойыңыз.

2.Суға арналған ыдысты тазалықта ұстаңыз.

3. Ыдыстағы суды 4 күнде бір рет ауыстырыңыз.

4. Сыйымдылыққа 1 м2 суға  30 г есеппен мұнай өнімінің (бензин, керосин және т.б.) бірнеше тамшысын тамшылауға болады, (су бетінде шажырқай пайда болады, нәтижесінде масалардың дернәсілдері ауа жетпей тұншығып өледі);

Осы қарапайым тәсілдерді пайдаланып, олар жөнінде көршілеріңізге айтыңыз, нәтижесі көп күттірмейді.

Осындай қызметтестікте біз масалар санының төмендеуіне қол жеткіземіз.

 

РММ «Екібастұз қалалық тұтынушылардың

құқықтарын қорғау басқармасы»

бас маманы А.О. Жимайлова.