Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сіздің дербес кредиттік есебіңіз

Қазіргі кезде кредиттік тарих, қаржылық төлқұжат ретінде қолданылады, банктер мен кредиттік ұйымдар үшін   кредит беру туралы шешімді қабылдау кезінде құралдың бірі болып табылады. Қарыз алушы туралы  кредиттік тарих және басқа ақпарат   алғашқы кредиттік бюрода сақталады.

 Дербес кредиттік есеп  қарыз алушының барлық кредиттік міндеттері туралы ақпарат енгізілген құжатты құрайды. Сонымен қатар  онда  клиенттің банк қарызын қаншалықты ұқыпты жапқаны, төлемдерді мерзімінде төлегендігі, мерзімін бұзғандығы мен қарыздың қашан жабылғандығы жөнінде ақпарат болады.

 Дербес кредиттік есепті жеке куәлік пен төлқұжатты ұсынып, 15 минут  ішінде ала алады. Павлодар облысының тұрғындары осы есепті  Павлодар қаласының №3, Ақсу және Екібастұз қалаларының бөлімдерінде ала алады. Қызмет ақылы. Жеке тұлғалар үшін кредиттік есептің құны бірінші  рет алған кезде 250 теңгені құрайды. Қайтадан есептерді ұсыну – 650 теңге.

 Сонымен қатар қазақстандықтарда кредиттік есепті ЭЦҚ болған кезде өзбетінше электрондық үкімет порталы арқылы алу мүмкіндігі бар.

2016 жылдан бастап Павлодар облысының ХҚКО арқылы 691 дербес кредиттік есептер берілді.