kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Асема: №2 емхана

Құрметті Екібастұз қаласының басшысы Нү Қайрат Теміршотұлы!Мен Екібастұз қаласының тұрғынымын мен осыдан 1 жыл бұрын тамағымнан аурып қаламыздың №2 емханасындағы Эндокринолог дәрігерігері Ескенова Жадыра Серикқызына көрінген едім. Дарігер маған гормоналдық анализ өтуіме анықтама жазып берді. Мен ол анализді тапсырып Жадыра Серикқызына апардым. Сол кезде менің жағдайым ауыр болатын. Тамағымнан булығып түншыгып кететындей жағдайда болдым.Жадыра Серикқызы маған дәрі дәрмек жазып берді. Сол берген дәрілерін іштім, бірақ ол дәріден соң менін жағдайым оданда төмендей түсті. Тағы да ол кісіге барып емделуге сезкендім. Содан сол дәрігерге апарган анализдын қортындысы бойынша Астана қаласына барып Эндикринолог маманына көріндім. Ол дәрігер менің анализімнің қортындысын көріп, мен ішкен дәрілерімді көріп шошыды. Сен бұл дәрі -дәрмекті ішіп оданда ауру болдын деды. Кандай Эндокринолог саған бұл дәріні ұсынды деп маған айғалады.Кайта анализ өттім, нәтижесі өте нашар, енді міне Астана қаласында емделіп жатырмын. Адамның денсаулығына немқұрайлы қарайтын Жадыра Серикқызы сияқты дәрігерлер емханада отырып адамдарды емдеуге құқығы жоқ сияқты.Қажет емес дәрі- дәрмек сатып алуыма қаншама қаржы кетті. Ертен тағы мен сияқты сыркат адамдар сол дәрігерден ем алады. Сонда бұл адамдардың денсаулығына осылай қарайды гой. Біздің қаламыздың дәрігерлердің бәрі осылай бола берсе сонда біз кімге барып емделеміз? Қайрат Теміршотұлы осындай өз жұмысына жауапсыз қарайтын дәрігердің емханада отырып адамдарды емдеуіне жол бермеуінізді сұраймын.

Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына жазған өтінішіне келесіні мәлімдеймін.

Екібастұз қаласы №2 емханасының пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі басшысы Г.С.Ізбасарованың ақпаратына сәйкес кешенді тексеру жүргізу үшін өтініште төлқұжаттық деректер мен байланыс телефондары толық көрсетілмегендіктен, аталған өтінішке жауап беру мүмкін емес.

Құрметпен, Екібастұз қаласы әкімі Қайрат Нүкенов.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза