kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Дария Ертайқызы: Бассейн

Құрметті Қайрат Теміршотұлы! Сізді жаңа қызметіңізбен құттықтаймын! Еңбегіңізге жеміс тілеймін!
Сізге төмендегідей өтініш жолдап отырмын.
Екібастұз көмір кені болғандықтан өзен, көлден аулақта салынған.
Бірер жыл бұрын қала сыртында жағажай салуға да талпыныс жасалды. Бірақ оның тиімсіздігін уақыт көрсетті.
Халық жазда тыйым салынғанына қарамастан "Ертіс - Қарағанды" каналына шомылып, салқындауға ұмтылады.
Әйтсе де мұндай жағдайдың алдын алу үшін біздің қалаға жабық үлгідегі үлкен бассейн салудың қажеттігі туындап отыр. Орталыққа жақын жерде бассейн құрылысын салуға мұрындық бола аласыз ба? Егер жаңа үлгідегі жаңа бассейн бой көтерсе, халық үшін жасаған игілікті ісіңізді ел ешқашан ұмытпас еді.

 Құрметті Дария Ертайқызы! Сіздің хауыз құрылысы мәселесімен Екібастұз қаласы әкімінің сайтына келіп түскен өтінішіңізге хабарлаймын.

         2016 жылы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (ЕТЖЖ) әзірлеу кезінде Торайғыров көшесіндегі «Шахтер» саябағында хауыз құрылысын салу қаралатын болады.

         Құрметпен, Екібастұз қаласы әкімі Қайрат Нүкенов.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза