Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗІ

А.ж. 5-6 маусымында Ақтөбе облысының аумағында террористерді бейтараптандыру бойынша терроризмге қарсы операция жүргізілуде.         

Осы қалыптасқан ахуалды назарға ала отырып, Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штаб басшысы – Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы генерал-лейтенант В.З.    Жұмақанов Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 Жарлығымен бекітілген Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларының 4-тармағына сәйкес Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік   Қазақстан облыстары, Астана мен Алматы қ. шегінде  40 тәулік мерзімге террористік қауіптіліктің бірқалыпты «сары» деңгейін белгіледі.

Осы орайда, мемлекеттік органдардың атқарып жатқан жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Иесіз заттарға (сөмкелер, қораптар, түйіншектер, қапшықтар, чемодандар және т.б.), әсіресе сымдар мен техникалық қондырғылары бар заттарға, сондай-ақ қоғамдық жерлерде және көлікте күдікті адамдарға назар аударуды сұраймыз. 

Күдік тудыратын заттарға жақындамаңыздар.

Сақтауға  немесе тасымалдауға  күдік тудыратын заттарды, әсіресе, белгісіз адамдардың заттарын  алмаңыздар.

Құжаттарды тексеру кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің  әрекетіне түсіністікпен қарап, оларға барынша ықпалдасуларыңызды сұраймыз.              

Үрей туғызбай, мемлекеттік органдардың ресми ақпаратын басшылыққа алуды сұраймыз.