Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жолда жүру ережесін бұзғаны үшін қамау

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты масаң күйін куәландырудан өту туралы полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамау және жүргізушімен ЖКО орнын тастап кету фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, азамат Р. 2016 жылдың мамыр айында «Лада» автокөлігін басқару кезінде құжаттарды тексеру үшін полиция қызметкерлерімен тоқтатылған. Тексеру барысында Р. алдағы уақытта көлік құралын басқару құқығынан айрылған. Медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан.

Р.-ға қатысты екінші әкімшілік іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 11 сәуірінде автокөлік басқару кезінде жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етпей ЖКО жасаған және одан кейін оқиға болған жерді тастап кеткен.

Сот отырысында Р. құқық бұзушылық жасаған кінәсін толық мойындады. Шын мәнінде алкогольді мас күйіне куәландырудан өтуден бас тартқанын және ЖКО тастап кеткенін айтты.

Сот,  Р. ӘҚБтК 613-бабының 7-бөлігі бойынша кінәлі деп танып,  оған жаза ретінде 20 тәулікке қамаққа алу әкімшілік қамау алу тағайындады. ӘҚБтК-нің 611-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу тағайындалды.

Қаулы заң күшіне енді.

Екібастұз қаласының мамандандырылған

 әкімшілік сотының баспасөз қызметі