Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Оқу-дала жиыны

2016 жылғы мамырдың 16-20 аралығында № 21 мектеп құрамында Екібастұз қаласы мектептерінің 10 сыныптарынан 259 оқушының қатысуымен оқу-дала жиыны өткізілді.    

         Оқу-дала жиыны 7 бағыт бойынша өткізілді.   

Жиын аяқталған соң, взводтар арасында әскери-спорттық сайыстар өткізілді.   

«Жасмерген» жарысының жеңімпаздары болғандар:  1-орын алған № 1, 21 мектептердің жасөспірімдерінің 1 взводы, 2-орын - 2 взвод (№ 2, 26 мектептердің жасөспірімдері), 3-орын - 6 взвод (№ 6, 9, 24 мектептердің жасөспірімдері).

Белтемірде тартылуда 1-орынды № 10 ЖОБМ оқушылары  Р. Утепбергенов, Андрей Квиташ және «Зерде» мектебінің оқушысы Ж. Алтынбек, 2-орынды «Зерде» мектебінің оқушысы А. Ниязов иеленсе, 3-орын № 2 ЖОБМ оқушысы Е. Кайрат пен № 18 ЖОБМ А. Алимге бұйырды.  

Граната лақтыру бойынша 1-орынды № 12 ЖОБМ оқушысы   И. Петухов, 2-орынды № 26 МГ оқушысы Б. Кажыгельди, № 1 МЛ оқушысы А. Заниздра және 3-орынды № 23 ЖОБМ оқушылары К. Исаков пен  № 9 ЖОБМ оқушысы Д. Прохоров иеленді.  

АК-74 шашып- жинау бойынша жарыста 1-орынды «Зерде» мектебі мен №22 МЛ оқушыларының 5 взводы, 2-орынды №1 МЛ, №21 ЖОБМ жасөспірімдерінің 1 взводы және 3-орынды №9 ЖОБМ, №24 ЖОБМ оқушыларының  6 взводы иеленді.

Жиындарды өткізу барысында ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Барлық жеңімпаздар білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.