Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

2016 жылдың 20 мамырында Екібастұздың мәдениет және өнер саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін тойлады. Салтанатты жиналыс музыка мектебінің концерт залында өтті.

Қала әкімі Қайрат Нүкенов бұл мереке мәдениет қызметкерлерінің, өнер қайраткерлерінің көптеген ұрпағына лайықты құрмет көрсету үшін тамаша кез болып табылады, өйткені олар еліміздің баға жетпес тарихи-мәдени дәстүрлерін сақтап, дамытуға жеке қомақты үлес қосқан өнерге шынайы берілген жандар- деп атап айтты.     

         «Екібастұз қаласының алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен қолөнер ісмері Қымбат Сартымбекова мен «Орфей» вокалдық
студиясының жетекшісі Ирина Вячеславовна Аксёнова марапатталды. Жиналыс мерекелік концертпен аяқталды.