Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«СӘУЛЕТАЙ» жаңа таланттардың бағын ашады

Жылсайын мамыр айында біздің қаламыз «Сәулетай» балалар шығармашылығының  байқауымен  жағылған   кішкене жұлдыздар  өнерінің түрлі- түсті  бояуымен   жарқырай түседі.

Міне, «Екібастұз» балалар қоры құрылтайшысы болып отырған  «Сәулетай»  фестивалі 14 жыл қатарынан дарынды балалардың сахнаға шығуына мүмкіндік беріп, жаңа таланттардың тұсауын кесуде!

Осы жылдар ішінде аталмыш байқаудан соң жас екібастұздықтар кеңінен таныла бастады, «Сәулетай»  көптеген жас таланттар үшін шығармашылық өмірге жолдама беретін баспалдақ болды.

Саясат Сүйінінішев, Халида Гумарова, Светлана Симченко, Бекхан Тлектесов –  бұл талантты вокалистердің есімдері тек  Екібастұз қаласына  ғана емес, сондай-ақ сырт жердерде де танымал болып жүр. Ал бұл балалар  өткен жылдардың «Сәулетай» байқауының жеңімпаздары болған.  Қалада  хореографиялық ұжымдар да «Сәулетай» байқауының талантты балаларынан кемде  кем танымал  болған жоқ.

Биыл байқауға Екібастұз өңірінің бала бақшаларынан және  шағын орталықтарынан  үш жастан жеті жасқа дейінгі   жастағы 1006 жас  бүлдіршіндер  қатысты. Іріктеу туры үш күн өтті. Концертке келген көрермендер санынан зал толы болды, қаламыздың ең кішкене таланттарының өнерін «биспен» қарсы алды. Әдемі, көзтартарлық костюмдері, жарқын орындаушылық шеберліктері байқаудың  сәнін келтірді.

Әншілердің  сыңғырлаған үндерін  қызу қанды бишілер мен  жалынды үнді  көркемсөз оқушылар  қыздырып, музыкалық  ансамбльдерден соң  өзгеше  түрдегі   жанр шеберлері шығып, өнер көрсетті.

Осындай қуанышты, жарқын көңілмен  бүлдіршіндер  өнерлерін сәтті көрсетіп,  көрермендерінің жүздеріне шуақ силады!