Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жұлдыздар тоғысқанда

2016 жылдың 18 мамырынан Екібастұзда «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмі көрсетіле бастады. Осы фильм мамырдың соңына дейін қаланың барлық ауылдық елді мекендерінде көрсетілетін болады.    

Биографиялық драма Қазақстан Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметіне арналған елбасы жолы киноэпопеясының жалғасы болып табылады.      

Бұл фильмде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін қазақстандық актер Берік Айтжанов сомдады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген лента, Кеңес Одағының құлдырауы және Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндайды, яғни 1984 жылдан бастап 1991 жылғы кезеңді қамтиды.