Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тәуелсіздік. Келі¬сім. Болашағы біртұтас ұлт.

Екібастұз қаласының  этномәдени бірлестіктерінің өкілдері 2016 жылғы 20 мамырда  Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келі­сім. Болашағы біртұтас ұлт» күнтәртібімен өткен XXII сессиясына қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова өз сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік Ел»  жалпыұлттық патриоттық идеяларында және азаматтық қағидаларында көрсеткен рухани құндылықтарда Болашағы біртұтас ұлт қалыптасып, қазақстандық бірегейлік пен бірлік нығайып, дамыйтынын  атап өтті. Ассамблея сессиясына қатысушылар қазақстандық бірегейлік  пен  бірлікті дамыту, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылады.  

ҚХА сессиясы барысында облыстық Шевченко атындағы украин мәдени серіктестігінің төрағасы этномәдени бірлестіктердің атынан Михаил Сергеевич Парипса  облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары болып тағайындалды.Сондай-ақ, ҚХА сессиясында «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ директоры Виктор Денисенко және Қазақстан кәрістері Қауымдастығының облыстық филиалының төрағасы Руслан Тян «Бірлік» алтын медалімен марапатталды.