Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Болашақ ұрпақ» патриоттық акциясы

2016 жылғы 21 мамырда «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қолдауымен интернационалист-жауынгерлер гүлзарбағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Болашақ ұрпақ» патриоттық акциясы өтеді. Сағат 9.00-ден бастап «Туған қаланың палитрасы» плэнэрі, «Маска» үлгілі театр студиясының қатысуымен шығармашылық ашық алаң және «Шебер қолдар» шеберлерінің жұмысы ұйымдастырылды. Акция шеңберінде спорттық жарыстар, «Легоқұрастыру» ойын – конкурсы, «Алау» әскери-спорттық  эстафетасы ұйымдастырылды.