Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді! КҮН СӘУЛЕСІНІҢ ӨТУІНЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ...

Күн өту – дегеніміз орталық нерв жүйесіне күн сәулесінің тура түсуінің  нәтижесінен болатын жағдай. Ол адам өміріне қатты әсер тигізеді Күн өткен адамнан тер сүмектеп ағады, бұл ағза теріндегі ылғалдылығы мен тұзын азайтады.

Тершеңдік дене қызуын көтерілуіне жол бермеседе, ағзадағы тұздың төмендеу салдарынан дене мен аяқтың бұлшық еттері тартылып адамның жалпы ағзасының әлсіреуіне әкеп соғады. Әлсіреу  нәтижесінен адам естен тануы мүмкін. Сондай-ақ  күн өткен кезде адамның басы ауырып, айналып жүрегі айныйтын болады. Дене қызуы көтерілмей сол қалпында қалады, бірақ денесі ылғал және суық сияқты болады. Бет әлпеті ағарып тыныс алуы төмендеп тіпті пульсін тексеру қиынға соғады. Құсу,  іштің өтуі зардап шеккен адамды мүлдем әлсіретіп жағдайын  төмендетеді.

Осындай жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек: зардап шекен адамды көлеңке немесе салқын жерге орналастыру, шешіндіу, денесін дымқыл матамен орау, суық немесе аздап тұз қосылған су ішкізу керек. Егер естен танып қалса басын тыныс алуға ыңғайлы етіп бұрып, кеудесімен жатқызу қажет.

Тынысы тоқтап қалған жағдайда жасанды тыныс алдыру тәсілін қолданады «ауыздан ауызға». Жағдайы өте нашар болған жағдайда, жансақтау бөліміне жатқызылады.

 

 

М. Хамитова,

ТЖ басқармасының

бас маманы