Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Жеңімпаздар» - «Победители»

Екібастұз орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне  Ұлы Отан соғысына қатысқан ерлігін елге үлгі  ете алған ардагерлер туралы естеліктер, олардың тарихы қызықтыратын тұлғаларға арналған «Жеңімпаздар»- «Победители» үштомдық жинағы келіп түсті.

Басылымның мақсаты – оқырмандар қауымына аймақ тұрғындарының

Ұлы Отан соғысы қимылдарына  қатысуын көрсететін нақты материалдарды ұсыну.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған үш томдық басылым майдан даласынан аман келіп, бейбіт өмірде еңбек етіп, Павлодар аймағының өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан Ұлы Отан соғысына, Жапониямен соғысқа қатысушы- павлодарлықтардың қысқаша өмірдеректерін қамтиды.

Басылымда  Павлодар облысынан жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясы қатарына шақырылғандар, әр жылдары облыстың құрылыстарында, кәсіпорындарында, ұйымдарында, шаруашылықтарында еңбек  етуге келіп, өздерінің екінші отанын тапқан майдангерлер бар.

Кітапта мемлекеттік мұрағаттардың, Қорғаныс істері департаменті мұрағаттарының қорларынан алынған мәліметтер, ардагерлер ұйымдарының, мектеп және өлкетану музейлерінің мәліметтері алынды. Бұдан бөлек, 2013-2014 жылдар аралығында облыстың мұрағат мекемелері тарапынан Павлодар облысы тұрғындарының жеке және отбасылық мұрағаттарының материалдары, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы халықтың ерлігі» электрондық құжаттар банкісіндегі деректер пайдаланылған.

Құрастырушылар кітапты дайындау барысында  Ұлы Отан соғысына қатысқан павлодарлық майдангерлер туралы мәліметтерді көлемі шағын басылымда түгел қамту мүмкін емес екенін байқады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Біз ардагерлерді есімізде мәңгілік сақтаймыз. Бұл мәселе әкелеріміздің,  аталарымыздың және тарихи естеліктің алдындағы борышымыз» деген сөзі жинақтың эпиграфы ретінде алынған.

Ертіс Павлодар өңірінің мұрағатшыларының осы игі ісі -қазір тірі жүрген және біздің есімізден кеткен ардагерлер үшін естелік болып қал берері сөзссіз.

«Жеңімпаздар»- «Победители» атты үштомдық кітапты қаламыздағы кітапханалар жүйесінің кез келген филиалынан таба аласыздар.