Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Спорт жаңалықтары

12-15 мамырда Мәскеу қаласында ұлдар мен қыздар, жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Бүкіл ресейлік таеквондо (WТF) бойынша Біріншілік өткізілді. Осы жарыста №3 БЖСМ-нің таеквондо (WТF) бөлімшенің тәлімгері Алика Копишева қатысты. 51 келі салмақта 3 жекпе –жек, яғни Финляндия, Қытай, Ресей спортшыларын жеңіп, жартылай финалда қарсыласы Өзбекстандыққа жол беріп, соңында 3 орынға ие болды. Осы жарыстан соң Алика таеквандодан (WТF) «Кубок Барысы» А тобы бойынша Халықаралық жарысқа қатысу үшін Алматы қаласына сапарға шықты, жарыстың жеңімпаздарына Қазақстан Республикасының Спорт Шебері спорттық атағы беріледі, спортшыға және жаттықтырушысы Д.Б. Бекеновке сәттілік пен жаңа табыс тілейміз.

Өткен аптада 12-15 мамыр аралығында Ертіс ауылында өткен 2002-2003 жылы туған, 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бокстан Біріншілік өтті. Осы жарысқа Екібастұз қаласы №3 БЖСМ-нің тәлімгері 28 келі салмақта Саят Заиргельды жеңімпаз болса, ал Бекзат Еренгалы финалда өзінің қарсыласына жол беріп, жеңіске сәл жетпей, 2 жүлделі орынға ие болды. Спортшылар Сарғамыс ауылындағы №3 БЖСМ оқытушы-жаттықтырушысы А.М. Сейсембаевтың жетекшілігімен жаттықтырылады.

Ақсу қаласында 15 мамырда Ақсу ферросплав зауытының кәсіподақ жүлделеріне 1999-2000 жылы туған қыздар арасындағы волейболдан Ашық турнир өткізілді. Жарысқа облыстың қалалары мен ауылдар командалары қатысты. Біздің қыздар, Солнечный кентіндегі №3 БЖСМ тәлімгерлері 2 орынға қол жеткізді. Турнирдің ең үздік ойыншысы деп біздің спортшы қыз АльмираАлтаеваны марапаттады. Қыздарды №3 БЖСМ-нің оқытушы-жаттықтырушысы Е.И.Кремер жаттықтырады.

14-15 мамырда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Н.И. Шестаковты еске алуға арналған 2001 жылы туған және жасы одан кіші жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында еркін күресінен ашық облыстық турнирге №3 БЖСМ (Солнечный кенті) тәлімгерлері қатысты. 76 келі салмақтағы жарыстың жеңімпазы - Евгений Степанюк, 63 келі салмақта – Ержан Тукен мен 38 келі салмақта – Елнар Сандыбай 2 орынға ие болды. 32 келі салмақта Нуржан Каримжан 3 орынға ие болды. Спортшылар  №3 БЖСМ-нің оқытушы-жаттықтырушылары Н.Ш.Сарыбаева, А.С.Жумагельдин қолбасшылығымен жаттықтырылады.